13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды

13 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

19 қазан құтқарушылар күні. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары біреудің өмірі мен мүлкін сақтау үшін өз басын қауіпке тігеді. Шымкентте қызмет барысында жалпы 3 өрт сөндіруші-құтқарушы қаза тапқан. Әріптестері кәсіби мереке қарсаңында марқұмдарды еске алу мақсатында өрт ашық чемпионат өткізді. Оған қаладағы барлық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Ашық чемпионат бір минут үнсіздікпен басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марқұм әріптестерін осылайша еске алды. Өрт сөндіруші Бақыт Алпысбаев пен Жұлдызбек Есенәлиев, құтқарушы Жомарт Сәрсенбеков өзіне тиісті жұмысты орындау кезінде көз жұмған қызметкерлер. Олардың есімі жақындары мен өртке қарсы қызмет мамандарының есінде мәңгі сақталмақ. Ұйымдастырушылар, бүгінгі жарыстың мақсаты да сол, жас мамандарға қызметтің ауырлығымен қатар абыройлы екенін ұғындыру дейді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұйымдастырлыған жарысқа қаладағы 9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысып жатыр. Олар екі күн бойы шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатына және 3 иінді жылжымалы сатымен үшінші қабатқа жылдам көтерілу керек. Сонымен бірге жауынгерлік қанат жаю бойынша сынақтан өтеді.

Жалпы өрт сөндіруші құтқарушылар үшін күнделікті дабыл бойынша шығу, табиғи және техногенді төтенше жағдайлармен күресу қалыпты жағдай. Олар тәулік бойы қызмет атқарады, күн-түн демей жоғары деңгейде дайындықта болуға тиіс. Жауынгерлік қызметі түрлі ауыр физикалық жағдайларға, өмірге қауіпті кезеңдермен байланысты. Сондықтан жарыс барысында қаланың бас өрт сөндірушісі шымкенттіктерге үндеу жасады.

Айта кетсек, жыл соңына дейін еліміздің өрт сөндіру стансаларында материалдық-техникалық базалардың жабдықталуы 72 процентке дейін жеткізіледі. Соңғы 2 жылда жауапты ведомство 241 өрт сөндіру машинасын сатып алған. Қазір қолданыста барлығы 3 мыңнан астам техника бар.

Previous Post

Шымкент: Барлық аудандар инфрақұрылыммен толық қамтылады

Next Post

Шымкентте ұлт саулығына үлес қосатын жоба қатары артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі