13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Барлық аудандар инфрақұрылыммен толық қамтылады

13 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Барлық аудандар инфрақұрылыммен толық қамтылады
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында инфрақұрылыммен қамту жұмыстары шағынаудандарда қарқынды жүргізілуде. Қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран – 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Аталған шағынаудан тұрғындары табиғи отынмен қамтамасыз етсе деген өтініш тілектерін қала әкіміне айтқан болатын. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы жаңадан құрылған аудандардың бірі. Аталған ауданда Инфрақұрылым мәселелері біртіндеп шешімін тауып келеді. Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде.
Биыл сапалы электрмен қамту мақсатында қалаға қарасты 6 елдімекенде құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Жыл соңында Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмысы аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға қол жеткізеді. Биылғы қамтылу көрсеткіші 98 пайызға болса, 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Ал Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтыса деген арыздарын қала әкіміне дүркін дүркін жеткізген болатын. Нәтижесінде аталған жұмыс қолға алынып, бүгінде осы бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталды. Осыған дейін Солтүстік саяжай елдімекені тұрғындары жекеменшік желіден сапасыз электр қуатын тұтынып келген болатын. Әрі электр қуаты үшін қымбат төлем жасайтын еді. Ең бастысы, бұған дейін тұрғындар 1кВ электр қуаты үшін 30-35 теңге төлеп келген болса, қазір ол баға арзандап, 17,96 теңгеге түсті. Бұл үшін де тұрғындар қуанулы. Сапалы электр қуатымен қамтылып бір, арзан төлеп екі қуанып отыр.

Аталған ауданға желі тарту барысында 4 773 электр бағанасы мен 70 трансформатор орнатылып, 145 шақырым электр желілері тартылды.

Сапалы электр қуатына қол жеткізген тұрғындар қажетті құжаттарды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мекемесіне өткізген соң мемлекеттік желіден электр тұтына алады.Соның арқасында Солтүстік саяжайдағы 5 784 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.Шымкент қаласында инфрақұрылыммен қамту жұмыстары шағынаудандарда қарқынды жүргізілуде. Қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары қолға алынған. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран – 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Аталған шағынаудан тұрғындары табиғи отынмен қамтамасыз етсе деген өтініш тілектерін қала әкіміне айтқан болатын. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданы жаңадан құрылған аудандардың бірі. Аталған ауданда Инфрақұрылым мәселелері біртіндеп шешімін тауып келеді. Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде.

Биыл сапалы электрмен қамту мақсатында қалаға қарасты 6 елдімекенде құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Жыл соңында Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмысы аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға қол жеткізеді. Биылғы қамтылу көрсеткіші 98 пайызға болса, 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Ал Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтыса деген арыздарын қала әкіміне дүркін дүркін жеткізген болатын. Нәтижесінде аталған жұмыс қолға алынып, бүгінде осы бағыттағы жұмыстар толығымен аяқталды. Осыған дейін Солтүстік саяжай елдімекені тұрғындары жекеменшік желіден сапасыз электр қуатын тұтынып келген болатын. Әрі электр қуаты үшін қымбат төлем жасайтын еді. Ең бастысы, бұған дейін тұрғындар 1кВ электр қуаты үшін 30-35 теңге төлеп келген болса, қазір ол баға арзандап, 17,96 теңгеге түсті. Бұл үшін де тұрғындар қуанулы. Сапалы электр қуатымен қамтылып бір, арзан төлеп екі қуанып отыр.

Аталған ауданға желі тарту барысында 4 773 электр бағанасы мен 70 трансформатор орнатылып, 145 шақырым электр желілері тартылды.

Previous Post

Шымкент: Денсаулық сақтау мамандары жолдауға қатысты пікір білдірді

Next Post

Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі