13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаға өз үлесін қосуға ниетті жастар қатары артып келеді

13 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мемлекеттік бағдарламаға өз үлесін қосуға ниетті жастар қатары артып келеді
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру туралы тапсырмасына сай Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Қаланың жасыл желекке малынып, көркем кеіпке енуіне «Жасыл ел» еңбек жасақтары да көп еңбек сіңірді. Жаз бойы дамыл таппай, көкөрістерді суғарып, шабындығын шауып, тыным тапқан жоқ. Жастардың еңбек жасақтары шаһарымыздың жасыл қала атануына көп күш қуат жұмсады. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымда өнімді еңбек еткен жастарға алғыс айтты.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Жоба одан әрі жалғасын табады», – деді басқарма басшысы.

Жалпы, «Жасыл ел» еңбек жасағы он жеті жыл бұрын қолға алынып, табысты жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарламалардың бірі. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. Бұдан бөлек, жастарға жазғы демалыстарын текке өткізбей, жұмыс істеп, қосымша қаржы табуға молынан мүмкіндік тудырды.

Жастайынан еңбектің адал нанының дәмін татып, еңбектенудің зор жауапкершілік екендігін сезіндірді. Дәл осы бағдарламаға үлес қосып, еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жыл жылжыған сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде қаладағы жұмыссыз жастардың санының азаюына да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды. Бұл зор көрсеткіш. Жастар еңбек ете жүріп, қаланың дамуына үлес қосса, екіншіден ата-аналарына ауыртпалық түсірмей, өзіне қажетті заттарын алу үшін табыс тапты.

Previous Post

Шымкентте ұлт саулығына үлес қосатын жоба қатары артуда

Next Post

Шымкентте бизнесті қорғауға арналған экожүйесі іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі