Республика күніне орай Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Монтайтас жалпы орта мектебі мен М.Әуезов атындағы гимназиясында «Республика күні: бірлік пен ынтымақ» атты іс-шара өтті.
Жиында «Ұлы дала мұрагерлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, оқушыларға Республика күнінің маңыздылығы түсіндірілді. Шараға қатысқан оқушыларға арнайы тапсырамалар берілді.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек, деді шараны ұйымдастырушылар.
Бұдан бөлек, шара барысында оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге, патриоттық сезімді ояту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Республика күнін қайтаруды Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы ұсынған. Енді оған «ұлттық мереке» деген мәртебе беріледі. Сөйтіп, осы күні думанды шаралар өтеді. Ал, Тәуелсіздіктің 16-сы боздақтарды еске алуға арналады.
Президент Республика күнін қайтару – зор мәнге ие екенін айтқан.
«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деген еді Мемлекет басшысы.
Республика күнін мерекелеу аясындақалалық білім ұйымдарында «Егемен елімнің Жасұланымын» патриоттар форумы, мерекеге арналған сурет көрмесі, оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы, дебат турнирі сынды патриоттық мәні зор шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өтеді.