Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы өндірістік аудан саналады. Аудан халқы мен әкімдігі бірлесіп жұмыс істеп, ұйымшылдық танытуда. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен дәстүрлі есепті кездесуінде айтты.Шымкентте халық тарапынан көтерілген мыңнан астам мәселенің тең жартысы оңтайлы шешім тапқан. Басым бөлігі жыл соңына дейін реттелсе, қалғаны 2023-2025 жылдық жоспар тізіміне енгізіліпті. Бұл туралы мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов, Еңбекші ауданының тұрғындары алдындағы есеп беру жиынында мәлім етті.
Әдеттегідей тойхана ғимаратында халықтың басын қосқан кездесуде шаһар басшысы соңғы 9 айда тындырылған тірліктерді баяндады. Қала әкімі келер жылдан бастап өңір мектептерін бір ауысымда білім беру жүйесіне енгізу жоспарланғанын, бүгіннің өзінде 203 білім ордасының 51-де оқушылар бір ауысымда оқитынын айтты.Шымкентте онкологиялық дертті емдеудің тың әдісі қоолданыла бастайды. Ол үшін онкологиялық орталыққа ядролық медициналық құрал -жабдық та орнатылған. Қазір мамандар лицензия алу мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар аймақта 2025 жылға дейін Президент тапсырмасына сәйкес қалада 200 орындық су жаңа заманауи перзентхана салынады.
Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай биылдан бастап әкімдердің халық алдында есеп беруі жаңаша форматта өтіп жатқанын айтты. Осыған сәйкес жыл басынан бері Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен 127 кездесу өткізіп, онда 1020 мәселе көтерілген.
– Осы мыңнан астам мәселенің 576-сы шешімін тапты, 249-ы орындалуда. Ал 195 мәселе 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді. Жалпы, тұрғындар ең көп сұрайтын мәселе – инженерлік инфрақұрылым. Осыған байланысты мегаполисті дамытудың кешенді жоспары жасалған. Тиісті жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызды құраса, 2023 жылы 100 пайызға жеткізілмек. Электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші де дәл осындай. Ал табиғи газ пайдаланатын тұрғындар саны биыл 94,7 пайызды құрап отыр. 100 пайызға 2025 жылы қол жеткіземіз деген жоспар бар. Бұл тұста тұрғындар да көмек беріп, өзекті мәселелерді бірге анықтап, кейін нысандарды күтіп-ұстаса, жақсы болар еді. Осы орайда Еңбекші ауданының тұрғындары ұйымшыл келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімі Шымкенттің жалпы көрсеткіші мен даму жоспарына тоқталса, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы өндірістік аудан саналатын ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Есепті кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қос әкімнің жауабын тыңдады.