13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте іскер әйелдер бас қосты

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте іскер әйелдер бас қосты
Share on FacebookShare on Twitter

Мегаполистің экономикасын ілгерілетуге атсалысып жүрген нәзік жандылар бас қосты. Алғаш рет ұйымдастырылған іскер әйелдер форумының мақсаты — мүмкіндікті кеңейту, арулардың кәсіпкерлігін дәріптеу, тәжірибе алмасу. Шараға кәсіптің әр саласында жүрген 500-ге жуық қыз-келіншектер қатысты. Үйретері көп жиынды шаһардың кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырып отыр. Шараның шымылдығын ашқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов табысты жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға тоқталды.

Іскер жандардың форумы шағын кәсіппен іс бастап, кейіннен өрге басқан, түрлі саланың биігінен көрініп, табысқа жеткен әйелдерді құттықтаумен жалғасты. Марапат иелерінің қатарында білімі мен біліктілігін ұштастырып, ұлттың болашағы — жасампаз жастарды тәрбиелеп жүрген Рабиға Әбдімұсақызы бар.Форумға қатысушы өзге жандар өз бизнестерінің шыңына шығу жолында жеткен жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісіп қоймай, істі бастау алдындағы қиын кезеңдеріне де тоқталды. Шараны ұйымдастырған кәсіпкерлік палатасының Іскер әйелдер кеңесі 2018 жылы құрылған. Кеңес құрамы әу баста 150 жаннан тұрса, қазір оның саны едәуір артқандығын білуге болады.

«Аймақтық әйелдер кәсіпкерлігі форумында» әйелдер бизнесін қолдау шаралары туралы шеберлік сабақтарыда өтті. Сонымен, форумның жалғасы жергілікті кәсіпкерлердің төл өнімдері қойылған көрмеде жалғасын тапты. Ол қатарда қолөнер бұйымдары, сән әлемінің заттары, тәтті тағамдардың түр-түрі бар. Жыл басында ғана кәсібін батсаған «Сафия» тәтті тағамдар желісі бүгінде 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтып үлгерген.

Жиын тек мұнымен шектелмей, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың еңбек нарығындағы қабілеттілігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, іскерлік ортадағы гендерлік теңдік секілді тақырыпта баяндама оқылып, бірлескен талқыға түсті.

Previous Post

Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 18 мыңға жуық әйел белсенді шаралармен қамтылды

Next Post

Сейдулла Мықтыбаев – 80 жаста!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі