Үкіметтің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығы 2022 жылы 33 500 азаматты жұмыспен қамту шараларына тартуды жоспарланса, бүгінгі күнде орындалған көрсеткіш 28639 адам немесе жоспар 85,5% құрады. Ал оның ішінде әйелдердің белсенді шаралармен қамтылу көрсеткіші -17892.
Биылғы жылы Шымкент қаласында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға 1 150 қайтарымсыз грант (400 АЕК) беру жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы үш лек бойынша 610 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 430-ы әйел азаматшалар. Олар жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, сүт өнімдері мен балалар ойыншықтарын жасап шығару сынды ұсыныстарын білдірді.
Ал, жыл басынан «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 6805 әйел азаматша оқытылса, бос және жаңа жұмыс орындарына 4888 әйел орналасқан. Бұдан өзге, 3 айлық оқу курстарына қатысып жаңа мамандық игерген әйелдер саны 1143-ті құрайды. Сондай-ақ, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындар», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» сынды өзгеде бағдарламаларға қатысқан қыз-келіншектеріміз бар.Бұл көрсеткіштерден аңғарғанымыздай қазіргі таңда әйелдердің экономикаға белсенді араласуы жоғарылап келеді.
Биыл Шымкентте “Ұрпақтар келісімшарты” жобасымен 24 адамды жолдау жоспарланған. Аталған жобаға қатысушының айлық жалақысы — 91890 тг. Мерзімі — 6 ай.Жобаның мақсаты — жас мамандарға жұмыс ұсыну және зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлерді ауыстыруды дайындау.Жобаға оқуды екі жыл ішінде аяқтаған және 29 жастан аспаған оқу орындарының түлектері қатыса алады. Яғни, қатысушы мекемедегі зейнеткерлік жасқа кемінде 6 ай қалған қызметкерді алмастырады. Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға міндетті. Қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды, ал жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жобаға қатысу үшін жұмыссыз жастар қалалық жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттарымен жүгіне алады. Олар өтініш, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) және диплом. Айта кетсек, ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау және халықтың табысын арттыру мақсатында әзірленді.