13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді білу – татулық тірегі

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттік тілді білу – татулық тірегі
Share on FacebookShare on Twitter

Білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Менің тілім – менің мақтанышым» фестивальін өткізді. Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақ тілін білу — татулықтық тірегі екенін балалар бойына сіңіру.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдері мерекесіне арналған айлық іс-шараның қорытынды кеші өтті. Оған басқарма басшылары, орталық әдіскерлері мен мұғалімдер қатысты. Жиында тіл татулықтық, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру – бүгінгі лингвист мамандардың негізгі міндеті екенін айтылды. Бір айы бойы қаладағы білім беру ұйымдарында қазақ тілін мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар өткен. Атап айтсақ, әдеби кештер, тәрбие сағаттары мен интеллектуал ойындар ұйымдастырылған. Сала мамандары мемлекеттік тілді білу – ел тыныштығын кепілі екенін айтты.

Фестиваль аясында қала мектептеріндегі «Қағамдық гуманитарлық пәндер» мұғалімдері көрме ұйымдастырған, оқушылар Ахмет Байтұрсынұлына өлең арнаған.

Орталықтың «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бөлімінің ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары мен педагогтері арасында өткен аралас форматтағы фестивальге мекеме басшылары , тіл жанашырлары, орталық әдікерлері мен білім бақармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Олардың қатарында, Шымкент қалалық сотының «Ақпараттық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы – Қабыл Дүйсенби, Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының басшысы – Жанысбекова Гүлмира Қалыбайқызы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы – Спанов Бахтияр Абилович, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы төрағасының орынбасары – Досметова Нуриниса Жамалқызы, «Жастар ресурстық орталығының» басшысының орынбасары – Заманбек Оралбекұлы, -«Qyzmet» газетінің редакторы – Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы да бар. Фестиваль барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін қоғамға әкелу жайында көрініс көрсетіп, тіл туралы тағылымды ойлары мен еңбектерін тек қазақ тілінде емес әлемнің 4 тілінде оқушылар көрермен назарына ұсынып, жас мамандарының орындауында керемет әуезді әндер шырқалды. Жыл бойына белсенділік танытқан қала мұғалімдері мен оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге арналған шара мерекелік концертпен аяқталды. «Тілім барда мен тірімін, мәңгімін» тақырыбындағы эссе байқауында үздік шыққан ұстаздар мен оқушылар марапатталды. Білім басқармасы мамандары қазақ тіліне деген қызығушылықты артыру жұмысы жыл бойы жалғасатынын айтты.

Previous Post

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»: Жолдауды насихаттау жұмысы жолға қойылған

Next Post

Имамдар денрологиялық саябақты тазалауға үлес қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі