13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшінші мегаполисте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы өтуде

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Үшінші мегаполисте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент Қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полицияға деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту. Сондай-ақ зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған акция аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Әсел Ермаханқызының ұйымдастыруымен М.Сапарбаев атындағы университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында бейне-роликтер көрсетіліп, талқылау мен пікір алмасу орын алды. Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» акциялары ұдайы өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, Шымкентте қыз-келіншектердің құқықтық сауатын арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатындағы республикалық акция қарқынды жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары Ана мен балаға арналған «Сана Сезім» дағдарыс орталығына арнайы барып, ондағы әйелдердің мәселесін тыңдады. Жалғызбасты аналарға құқықтық кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан демеу көрсетті. Қазіргі таңда аталған орталықтағы әйелдерге балаларымен қоса түрлі көмектер көрсетілуде.
Кезекті іс-шарада Әл-Фараби АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Ақмарал Төреханқызы қызметтегі және үй шаруасындағы әйелдерге жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, отбасындағы келеңсіздіктен зардап шеккен әйелдерді де назардан тыс қалдырмай, олармен жекелей кездесіп, тиісінше заңға сай кеңес берді.

Previous Post

Шаһар басшысы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Next Post

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»: Жолдауды насихаттау жұмысы жолға қойылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі