13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шаһар басшысы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шаһар басшысы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

«1 қазан — Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еліміз бен шаһардың дамуы жолында елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Қала басшысы алғашқы құттықтауын еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ардагер ұстазбен әңгімелескен Мұрат Әйтенов мереке иесіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Ахметова Райса Райымбекқызы Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған. Ұзақ жылдар халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Құрмет белгісі» ордені мен «ҚазССР білім беру ісінің үздігі» атағының иегері.

Құттықтау легі «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Гулужиган Байгаринаның отбасында жалғасты. Еңбек ардагерін мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы Гулужиган Абдулажанқызына да зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тілеп, үйдің отағасы — Шәміл атаға шапан жапты.
Байгарина Гулужиган Абдулажановна 1937 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын тігін маманынан бастап, 1975-1987 ж.ж. «Восход» тігін бірлестігінің бас инженері кейін бас директоры болады. Ал 1991 жылы «Восход» ААҚ ШФ Президенті болып тағайындалып, осы саланың дамуына зор үлес қосады. Ұзақ жылғы еңбегі ақталып, оған Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытқаны үшін «Қазақстан өнеркәсібінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріледі.

Өз кезегінде ардагерлер де құрмет көрсетіп, кішілік ізетін жасаған шаһар басшысына алғысын жаудырып, қазақстандықтар үшін бейбіт те берекелі өмір тіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390.

Previous Post

Қала әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Next Post

Үшінші мегаполисте «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі