13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі қарттарға құрмет көрсетті

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі қарттарға құрмет көрсетті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Халықаралық қарттар күніне орай, аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Жылдағы дәстүрге сай “Миллионер” мейрамханасында қарттарға дастархан жайып, өмір жолдары мен ел үшін жасаған еңбектерін ұлықтады. Арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән-күйден шашу шашылды. Қала әкімінің сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов атаулы мерекеде ел үшін еткен еселі еңбектерінің арқасында аймағымыздың айтулы тұлғаларына айналған Исмат Тұрсынқұлұлына, Өстемір Тілегенұлына, Алданазар Құрманбаевқа, Әбілқасым Досболовқа, Досыбай Шерімқұловқа “Құрметті ардагер”, Болатхан Ермекбаевқа “Құрметті құрылысшы” атағын, ал Ұлықпан Башенов, Асылбек Тоқмағанбетов, Бастарбек Байжановқа “Құрмет белгісі” төсбелгілерін табыстады.

“Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаю жолындағы әрқайсыларыңыздың ерен еңбектеріңіздің арқасында, ал бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі деп білемін. «Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған. Сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Табанды еңбектеріңізге алғыс білдіре отырып, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңізге бас иеміз”,-деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері маңызды екенін айтқан шаһар басшысы, барша ел ағаларын ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды.Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 80 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Соның ішінде 5 ҰОС ардагер, 2390 тыл еңбеккерлері бар.
Шаһардағы ардагерлерімізге «Қамқорлық» акциясы шеңберінде қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылып келеді. Сонымен қатар, қарттарымызды сауықтыру және денсаулығын бақылау мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бес мыңнан астам ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алады.

Previous Post

Ұстаздар күніне орай «Жарық нұры ғаламның» атты салтанатты жиын өтеді

Next Post

Шаһар басшысы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі