13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұстаздар күніне орай «Жарық нұры ғаламның» атты салтанатты жиын өтеді

30 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ұстаздар күніне орай «Жарық нұры ғаламның» атты салтанатты жиын өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Шымкент қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жарық нұры ғаламның» тақырыбында салтанатты жиын өтеді. Салтанатты шара барысында ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілетін іс-шарлар мен білім саласындағы жаңашылдықтар бойынша өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәжілісінде, Жанат Арысбекқызы білім саласындағы мәселелерге де тоқталып өтті.

«Мегаполисте жаңа оқу жылында 871-ге жуық білім беру ұйымдарында 440 мыңға жуық тәрбиеленушілермен оқу жылын бастап отырмыз. Оның ішінде 577-сі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 223-і мектептер, 38-і колледждер, 11 мектептен тыс білім беру ұйымдары және 9 арнайы мектеп интернаттары. Биыл «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты бюджеттен 44,6 млрд. тг. қаржы бағытталып, бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен, білім беру ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесімен, дабыл батырмасы, турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32%-дан 72%-ға дейін артты»,- деді басқарма басшысы.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту, спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды қосымша біліммен қамту жобасы бойынша үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. 2022-2023 оқу жылында бір ауысымдағы 45 мектепте 13 963 оқушы, екі ауысымдағы 173 мектепте 213 762 оқушы, ал үш ауысымда 5 мектепте 14 800 оқушы білім алуда.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Мемлекет басшысының Жолдаудағы «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша екі және алты жас аралығында қамту көрсеткіші – 89%, үш пен алты жас – 100%-ға орындалды. 2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарда бар.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр. Соңғы екі жылда жеке инвесторлар жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетін болады деп күтілуде. Қаланың 88 жалпы білім беретін мектебінде 829 бала инклюзивті білім алады, сондай-ақ 7 жалпы білім беретін мектепте 60 арнайы сыныптарда 499 оқушы оқиды.

Previous Post

Шымкентте тағы бір сауықтыру орталығы ашылды

Next Post

Қала әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі