13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

29 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында екі күнге созылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Аталған іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ «Деловой Казахстан» халықаралық ақпараттық агенттік директоры А.Қоржұмбаев, Factcheck.kz ақпараттық сайтының тілшісі Ж.Тілеухан, мобилограф А. Жақсыбаев, ҚХА журналистер клубының мүшелері, блогерлер, «Уйғур Авази», «ДАЗ», «Коре ильбо» т.б этноБАҚ өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен баспасөз қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдылар мен құралдарына үйрету, баспасөз қызметкерлерінің, Журналистер клубы мүшелерінің біліктілігін арттыру.

Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау бағытындағы ақпараттық жобалар, интернет кеңістігіндегі ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары талқыланды. Отырыс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша Журналистер клубы Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясындағы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен этносаралық қатынастар, патриотизм, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлау сияқты тақырыптарды кеңінен насихаттау және дамыту мақсатында құрылған. Айта кетсек, жиын соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Previous Post

«Жастардан - жастарға» ақпараттық керуен жобасы іске асуда

Next Post

Шымкентте жастар арасында жолдауды насихаттау жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі