13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы іске асуда

29 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы іске асуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы іске асуда. Аталған іс-шараның мақсаты — студенттерге жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар беру. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан — жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында «Жұмыспен қамту орталығы» мамандарының қатысуымен түсіндірме жүмыстары жүргізілді.

Шара барысында «Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің» бітіруші түлектеріне жұмыспен қамту мамандары кәсіпкерлік, мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар берілді. Атап айтқанда, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары, Жастар практикасы, алғашқы бос жұмыс орны, жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары насихатталды. Кездесу барысында студенттер тарапынан сала мамандарына сұрақтар қойылып, өзара еркін пікір алмасты
Айта кетейік, Шымкентте 245 мыңнан аса жастар болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды.

Ал «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылды. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап 15 000 астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «КОНГРЕСС ХОЛЛ» КЕШЕНІНІҢ ЕКІ ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Next Post

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі