13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте бұқаралық спорттың қолжетімділігі артуда

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте бұқаралық спорттың қолжетімділігі артуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілері қайтадан жаңғыртылуда. Қала басшысы Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көп қабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, тұрғылықты халықпен кездесті.

Әл-Фараби алаңы №1А/ Түркістан көшесі №2/3, 2/7 көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қазіргі таңда оның 90% орындалды.Ал балалар ойын алаңшасының құрылыс-монтажы тамызда басталған, бір айда жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
-Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз,- деді шаһар басшысы. Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылады.

Бүгінгі таңда Шымкентте қала халқының 340 305-і бұқаралық спортпен айналысады. Бұл жалпы халық санының 31,2 пайызын құрайды. Бұған балалар, жастар, ересектер де кіреді. Жыл соңына дейін 35%-ға жеткіземіз. Қазіргі таңда қала әкімі Мұрат Дүйсебекұлы спортпен айналысатын нысандар санын көбейтуге тапсырмалар беріп, осы бағытта көп жұмыс істеліп жатыр. Әсіресе шалғай аудандарда қолжетімді спорт кешендері көптеп салынбақ.

Ал жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаладағы мектептер арасында спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) «Шымкент жастар лигасы» өткізілуде.

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.Спорттық инфрақұрылымды қалыптастыруға бизнес өкілдері де жұмылдырылып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік оң нәтиже беруде.
Шымкент қаласының бес жылдық даму жоспарында адами капиталды арттыру міндеті белгіленген. Бұқаралық спортты дамыту арқылы тұрғындарды салауатты өмірге бейімдеу, олардың өмір жасын ұзарту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спорт саңлақтарын тәрбиелеу міндеттері айқындалған. Мегаполистің заманауи спорттық орталық ретінде дамуы қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Previous Post

“Ұлттың ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы” көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

Next Post

Шымкентте жыл соңына дейін көпқабатты 51 тұрғын үй пайдалануға берілмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі