13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жыл соңына дейін көпқабатты 51 тұрғын үй пайдалануға берілмек

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жыл соңына дейін көпқабатты 51 тұрғын үй пайдалануға берілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен көпқабатты 51 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 31-і кредиттік, 20-сы арендалық үйлер. Қалалық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, осы үйлердің жалпы ауданы 239 300 шаршы метрді құрайды. Онда 2 972 пәтер бар.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданы мен әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 7 арендалық үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған отбасыларға шілде айында тапсырылған. Жыл соңына дейін қалған 24 кредиттік және 20 арендалық үйді ел игілігіне беру жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынанан білім беру саласында 4 600 орынға арналған 11 білім ғимаратының құрылысы жүруде. Оның ішінде 4 орта мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар жаңа оқу жылы басталғанға дейін салынып бітті. Ал, жыл соңына дейін білім саласында тағы 3 нысан пайдалануға беріледі. Қалған 4 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Оған қоса, бүгінгі таңда білім саласында жалпы 6 690 орынға арналған 16 ғимараттың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланға болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін кезең — кезеңімен конкурстар өткізілетін болады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба. Жастар 5 жыл көлемінде 5000-17000 теңге аралығындағы соммаға отбасы құрамына қарай 1 немесе 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұра алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда мегаполис бойынша 49 250 адам баспана кезегінде тұр. Ал оны 11 мыңы жастар дейді тұрғын үй басқармасындағылар. Сондықтан жыл соңына дейін тағы 646 баспананы сатып алу құқығынсыз беру көзделуде. Яғни, қыркүйекте Шымситиден 286 пәтер жалға берілсе, желтоқсан айында Бозарықтағы 360 баспана кілті егелеріне табысталады.Сондай-ақ, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының мәліметінше, биыл 500 миллион теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда.

Previous Post

Шымкентте бұқаралық спорттың қолжетімділігі артуда

Next Post

«AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі