13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“Ұлттың ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы” көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
“Ұлттың ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы” көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Бір ел бір кітап” республикалық акциясы аясында ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс — шара легі жалғасуда. Бұл жолы жастар арасында “Ұлттың ұлы ұстазы, ғасыр саңлағы атты” көркемсөз оқу байқауы өтті. Сайысты қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы ұйымдастырды. Іс-шара «Саз» колледжінің өнерпаздарының орындауында А.Байтұрсынұлының халық арасында кеңінен тараған «Аққұм» әнімен ашылды. 2 кезеңнен тұратын сайысқа жалпы 17 үміткер қатысып отыр. Байқауға қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқып қана қоймай, оның астарына үңіліп, ішкі терең сырларын көрерменге жеткізе білді.

2 кезеңнен тұратын сайысқа 18 үміткер қатысты. Қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы қолға алған байқау қоғам қайраткері, ұлы ақынның 150 жылдығына орай ұйымдастырылған. Қатысушылар көркем сөздерден төгілген жыр шумақтарын мәнерлеп оқып тілге деген құдіреттің  маңыздылығын көрсетті. Қазылар алқасы үміткердің көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударатынын айтады. Оқырман жүрегінен орын тепкен даңқты ақынның туындылары тыңдарман көкейіне жеткендей. Кейбір қатысушы арнайы образ жасап, актерлік шеберлігімен көпшілікті таң қалдырды. Бірінші кезеңде үміткерлер Ахмет Байтұрсынұлының штуындысын мәнерлеп оқыды. Ал сайыстың екінші кезеңі бойынша қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға дұрыс жауап беруі шарт.

Байқауға он жеті үміткер қатысып, оза шапқан қатысушылар марапатталды. Бас жүлдені М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжінің І-курс студенті Әбдірахман Жұлдыз еншіледі. Ал, бірінші орын М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің І-курс студенті Бегалы Бектөреге бұйырса, екінші орынды №106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ерназар Рамазан, үшінші орынды Политехникалық колледжінің ІІ-курс студенті Аппаққұл Айым алды. Жүлделі орын иелері мен барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Айта кетсек, қалалық жасөспірімдер кітапханасының ашылғанына келер жылы 45 жыл толады. 20 мыңнан астам оқырманы бар кітапханада оқулықтар жыл сайын жаңартылып тұрады.

Previous Post

Шымкенттегі бала құқығы жөніндегі омбудсмен жұмысына кірісті

Next Post

Шымкентте бұқаралық спорттың қолжетімділігі артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі