13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша кезекті кездесу өтті. ОФО басшысы И.Құдайбергеновтің төрағалығымен өткен жиынға медицина мекемесінің ұжымы қатысты.

— Президент Жолдауында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесі кеңінен сөз болды. Өйткені, медицина – инвестиция салуға қолайлы сала, тек оған дұрыс жағдай жасау қажеттігі, сонымен қатар, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігі айтылды. Жалпы, осы тақырып төңірегінде өз пікірлеріңізді білдіру маңызды, — деді И.Құдайбергенов.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Ал адам денсаулығына қатысты түйткілді мәселелерді кейін ысырып қоюға болмайды.

-Мемлекет басшысы еліміздегі емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенде екі жылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетінін айтты. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасамақ. Демек, денсаулық сақтау саласындағы шешімін табуы тиіс мәселелер кезек күттірмейді, — дейді қоғамдық штаб мүшесі Рамазан Бектұрғанов.

Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдіру де өзекті мәселе. Бұл мәселе төңірегінде Президент медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылатынын қадап айтты. Яғни, алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізбек.

Жиынға қатысқан медицина қызметкерлері тақырып төңірегінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, көпшілікті еліміз үшін маңызды құжат саналатын Президент Жолдауын қолдауға шақырды.

Previous Post

Шардара: 4 мың тоннадан астам өнім жиналған

Next Post

Түркістанда жыл басынан бері 15 мыңнан астам көшет егілген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі