Шардаралық шаруалар күріш орып жатыр.Қазірдің өзінде қамғаба 4 мың тоннадан астам өнім жиналған.Түсім жаман емес,дейді дихандар. Сақылдаған су жаңа техникалар тәулігіне 20 гектарға дейін егін орады екен. Жалпы шағалалы өңір Түркістан облысында дақылдың осы түрін ең көп егетін жалғыз аудан. Шардараның күріші қазірдің өзінде ұлттық брендке айналып келеді.
Мизамбай Шалабаев сонау 80-ші жылдардан бері ауылшаруашылығы техникасын тізгіндеп келеді екен.Тәжірибелі механизатор содан бергі аралықта қаншама темір тұлпарды сынақтан өткізген.Бұрын жаңа комбаинның өзі күніне 5 гектар егін орса тақиямызды аспанға атып мақтанатынбыз.Қолдымыз майдан арылмаушы еді.Ал, мына су жаңа Жондирлар мен көрген төрт доңғалақты темірдің ішіндегі ең жоғарғы сапалысы, әрі тиімді болып тұр,дейді механизатор.
«Сая» фермерлік қожалығы күріш шаруашылығын сақтап қалған.Биыл 600 гектар жерге дән сеуіпті.Оның 570 гектарын орып,өнімін жинап үлгерген. Қамбаға 4 мың тоннадан астам күріш жиналған. Түсім де жаман емес, дейді қожалық төрағасы. Күрішті өңдейтін шағын цехтары тағы бар. Шаруашылық ауылдағы ағайынның жерін алып, егіндік алқаптарын ауыстырып егіп тұрады. Арық-атыздарды да тазалап береді. Есесіне өзгенің жеріндегі сор шайылады,дейді дихан.
Жалпы шаруашылықта бұдан бөлек 350 гектардай мақта, жылқы мен асыл тұқымды етті Ангус сиырлары да бар. Ұжымда 35-40 ауыл азаматтары еңбек етеді.Биыл аудан бойынша 57 800 гектар жерге түрлі дәнді дақылдар егілген.Бақша өнімдерінің алды ерте көктемде экспортталған.Ал,қазір науқанның нағыз қызған шағы.Басты мақсат ала жаздайғы еңбекті ысырапсыз жинап алу,дейді әкімдіктегілер.
Жалпы Шардара ауданындағы бірқатар жерлер сорланып кеткен. Жер асты су деңгейін төмендету мақсатында арнайы каналдарды бетондап, тік және көлденең дренаждарды қашыртқыларды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр екен. Соның арқасында өздігінен пайда болған көлдер тартылып, ұлтандары кеуіп жатыр,дейді мамандар