13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының Ташкентпен сауда-экономикалық байланысы жылдан-жылға күшейтіліп келеді

11 октября, 2022
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының Ташкентпен сауда-экономикалық байланысы жылдан-жылға күшейтіліп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Тоғыз жолдың торабында тұрған Шымкент іргесіндегі көрші ел астанасы Ташкентпен сауда-экономикалық байланысты жылдан-жылға күшейтіліп келеді. Оған Қазақстан-Өзбекстан арасындағы соңғы жылдары қол жеткізілген бауырластық және әріптестік тығыз қарым-қатынастардың жандануы да түрткі болды. Соның арқасында қос мемлекетпен арада сауда айналымы күшейіп, экономикалық белсенділік арта түсті. Әсіресе алыс-беріс мәселесінде Шымкенттің алар үлесі ауқымды. Өзбекстандық инвесторлар бүгінгі таңда қала экономикасына қаржы салуға әзір. Екіжақты байланыстың беки түскеніне өзбек ағайындардың мегаполисте керамикалық тақталар шығаруға қатысты жоспарлары мен металургиялық зауыт салуға тыңғылықты кірісіп жатуы дәлел.

Үшінші мегаполисте 4 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Ол «Оңтүстік», «Оңтүстік» АЭА», «Тассай» және жаңадан ашылып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Негізгі өндіріс ошақтары алғашқы үш индустриалды аймақта орналасқан. Жалпы кәсіпорындарды бір алаңға шоғырландыру бұл әлемдік үрдіс, дүние жүзінде бар тәжірибе. Батыстың дамыған елдері де Түркия секілді экономикалық динамикасы қарқын алып келе жатқан дамушы мемлекеттер осы тәжірибеден өткен. Сондықтан әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі саналатын Қазақстан үшін индустриалды-инновациялық дамуды дәл осындай тәсілмен жолға қою жаңалық емес. Жоғарыда аталған 4 индустриалды аймақтың инфрақұырылымын жүргізуге мемлекеттік бюджеттен 17,8 млрд теңге қаражат жұмсалса, қазынаға ондағы кәсіпорындардан түскен салық табысы бүгінге дейін 36,5 млрд теңгеге жеткен.

Тәуелсіздік жылдар бедерінде инвесторлар өнімінің арқасында шымкенттік өзіндік брендтер қалыптасты. Олардың қатарына «Бал текстильдің» кілемдерін, «Рахат-Шымкент», «Нұртаудың» кәмпиттерін, «Люкс шуз», «Заряның» аяқ киімдерін, «Әлем-БТ-ның» шұлықтарын, «Азала текстиль», «АГФ груптің» төсек-орын жабдықтарын жатқызуға болады. Жүздеген кәсіпорынның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 20 жоба іске асырылуда. 3 жоба Қытай елінің еншісінде болса, оншақтысы Түркияға тиесілі, қалғаны әртүрлі елдердің үлесінде.

Айта кету керек, бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 89.3 млрд теңгеге 92 жоба іске асырылып, оның 77-і нақты іске қосылса, «Тассай» индустриалды аймағында 20 жоба қолға алынып, оған жұмсалған қаржы 28 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда мұнда 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Previous Post

Шымкенттік өнімдер импорт тауарларды алмастырады

Next Post

Шардара: 4 мың тоннадан астам өнім жиналған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі