13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік өнімдер импорт тауарларды алмастырады

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік өнімдер импорт тауарларды алмастырады
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері шаһар экономикасына 131,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,9 пайызға көп. Жауапты маманның айтуынша, Шымкентте 2022-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн теңгеге бағаланған 242 инвестициялық жобаның базасы жасақталған. Соның нәтижесінде алдағы үш жылда 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Тарқатып айтсақ, 2022 жылы құны 159,7 млрд теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл қала аумағында 52,8 млрд теңгеге 1043 жұмыс орны қарастырылған 16 жоба іске қосылатын болады.

Басқарма өкілінің мәлімдеуінше бүгінге дейін 26,5 млрд теңгеге 3 инвестициялық жоба іске асып үлгерді. 215 жаңа жұмыс орны құрылды. Инвестиция тарту мәселесі Шымкент қаласын дамыту жоспарында бір сәт те назардан түскен емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дайын өнім өндірісін ұлғайтуға байланысты тапсырмасы нақ осы инвестицияның арқасында жүзеге асатыны аян. Сондықтан жергілікті әкімдік осы салаға ерекше мән беріп, бұл бағытта алға қарай дамудың нақты қадамдарын үйлестіріп отыр.
Соның бір айғағы Шымкентте инвестициялық штаб жұмыс істейді. Штабтың әрбір отырысында қаланың экономикасына қаржы құя алатын қалталы азаматтардың мүмкіншіліктері қаралып, жол-жөнекей кездескен кедергілер талқыланады.

Шымкенттің өсіп-өркендеуіне осы инвестициялық әлеует өзінің оңды әсерін тигізді. Жергілікті және шетелдік капиталды қаланың өндірісіне, инфрақұрылымына тарту үшін бизнес өкілдеріне барынша жайлы жағдай жасалуда. Соның ішінде мысалға «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-кеңсесін келтіруге болады. «Бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін бұл мекемеде кеңестер беріледі және құжат рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетіліп, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін түрлі жұмыстар атқарылады.

Инвесторларды тарту да оңай шаруа емес екені анық. Әдетте инвесторлар бүкіл тәуекелдерді есептеп барып, бір-ақ шешім қабылдайды. Соның ішінде инвестордың ойында «шикізатты қайдан алам», «өнімді қайда өткізем» деген екі сауал тұрады. Бүгінгі әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы логистика мен экспорт-импортты қиындатып отырған жайы бар. Сондықтан шымкенттік кәсіпкерлерге қазіргі ахуал оңай тиіп отырған жоқ.

Дей тұрғанмен, маманның сөзінше, республиканың үшінші мегаполисінде кәсібін дөңгелетіп отырған инвесторларға барынша жеңілдіктер қарастырылған. Айталық, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында кәсіпорындар әлеуметтіктен басқа мүлік, жер, корпоративтік табыс секілді салықтың барлық түрлерінен босатылған. Зауыт құрылысына жер учаскесі арендаға арзан бағада немесе кейбір өміршең жобаларға тегін беріледі. Сонымен бірге, барлық кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторлар «Бизнестің жол картасы–2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысып 6 пайыздық жеңілдікпен несие ала алады. Инвестициялық келісімшарт құжатының көмегімен түрлі жеңілдіктерге қол жеткізеді. Мәселен, сырттан әкелінетін қондырғы ақысының 30 пайызы сатып алған кәсіпкердің өзіне қайтарылады. Сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade», «Қазақ экспорт» АҚ ұлттық компаниялары сақтандыру, дайын өнім тасымалына кеткен шығынның өтемақысын төлеу, жарнамалау, шетелде қоймада тұрған отандық тауардың жалдау ақысын өтеп беру секілді мәселелер бойынша кәсіпкерлерге көмек қолдарын созуда.

Previous Post

Жолдаудағы өзгерістер экономиканың дамуына бағытталған

Next Post

Шымкент қаласының Ташкентпен сауда-экономикалық байланысы жылдан-жылға күшейтіліп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі