13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдаудағы өзгерістер экономиканың дамуына бағытталған

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жолдаудағы өзгерістер экономиканың дамуына бағытталған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің шаһардағы еңбек ұжымдарымен кездесуі жалғасуда. Ақпарат-насихат тобының өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Lux shoes» кәсіпорнының жұмысшыларымен жүздесіп, Президент Жолдауындағы оң өзгерістерді кеңінен тарқатып айтты.

– Биылғы 5 маусымда жалпы халықтық референдум өтіп, еліміздің Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Ал жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент сайлауы мен парламент сайлауы өтетініне тоқталды. Бұл – елімізде соңғы жылдары орын алып жатқан саяси реформалардың жалғасы іспетті оқиғалар. Өздеріңізге белгілі болғандай, ел президенті 7 жыл мерзімге бір рет сайланады, заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді. Мұны айтып отырған себебіміз, «Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген сөз бар. Сондықтан, еліміздің әр азаматы қоғамдағы өзгерістерден хабардар болып отырғаны да дұрыс. Көбіңіз ұл-қыз өсіріп отырған боларсыздар, Президент Жолдауында айтылған маңызды жаңалықтың бірі – Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы еліміздегі кәмелет жасқа толмаған балалардың арнайы шотына 18 жасқа дейін аударылып отыратын жаңалық та бұрын-соңды елімізде болмаған. Бұл да болса халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі деп санаймын, – деді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Шалатай Мырзахметов.

Кездесуде жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, «Lux shoes» ЖШС 2 500 шаршы метр аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі 693 млн теңгені құрайды. Аяқ киім мен табан шығаратын кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 120 мың жұп аяқ киім мен 150 мың жұп табанды құрайды. Мұнда 55 адам еңбек етеді.

Previous Post

Реформалар билік тармақтарының тиімділігін арттырады

Next Post

Шымкенттік өнімдер импорт тауарларды алмастырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі