13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Реформалар билік тармақтарының тиімділігін арттырады

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Реформалар билік тармақтарының тиімділігін арттырады
Share on FacebookShare on Twitter

Әл-Фараби атындағы ұлттық әмбебап кітапханасында бірқатар шымкенттік қоғамдық ұйымдардың өкілдері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жиын өткізді. Жиынды мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев жүргізіп отырды.

Жолдауда мемлекеттің дамуы үшін билік пен қоғамның өзара іс-қимылы аса маңызды екені атап көрсетілген. Спикерлер бұл мәселеде жастармен жұмыс істеудің өзекті екенін атап өтті.
Ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Серікбай ОҢБАЕВ өскелең ұрпақтың болашағы жолында игі істер атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер мектепке 1 қыркүйек Білім күні ғана емес, басқа күндері де барып, түрлі іс шараларға қатысады.

Жиында Arman Alani қазақстандық коалициясының төрайымы Фарида Бәкібаева сөз сөйледі. Ол бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесімен айналысатын ұйымдарды қандай көмек күтіп тұрғанын айтты.
-Мысалы, «Рахмет саган, Ана!» жобасы ерекше балалардың ата-аналарымен құрылған. Қазір олар инватуризм идеясымен жұмыс істеуде, бірақ бұл жобаны жүзеге асыру оңай емес. Бәлкім, ол болашақта өз көрінісін табатын шығар, — дейді Ф.Бәкібаева.

«Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларына қарағанда менің ойымша,биылғысы бөлек. Жолдауда ел тағдырына, оның одан арғы саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытына, мемлекетті түбегейлі өзгертуге деген құлшынысына терең мән берген, – деді Шымкент қалалық Азаматтық альянсының төрағасы Жұмағали БІЛІСБЕКОВ. – Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін өмірдің барлық салаларындағы қайта құруларды жеделдету керектігін айтқан болатын. Кезінде айтылған реформалар биліктің атқарушы және өкілді тармақтарының қызметін түрлендіруге, оның тиімділігін арттыруға бағытталды. Сондықтан біз Президенттің айналысына топтасып, еліміздің дамуына әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ал сіз оны өз қалаңыздан, көшеңізден, аулаңыздан бастауға болады».

Жиынға қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасып, тұшымды ойларын ортаға салды.

Previous Post

Шымкенттіктер спортпен белсенді түрде айналысуда

Next Post

Жолдаудағы өзгерістер экономиканың дамуына бағытталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі