13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттіктер спортпен белсенді түрде айналысуда

11 октября, 2022
in Uncategorized
0
Шымкенттіктер спортпен белсенді түрде айналысуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 402 мың тұрғынның бұқаралық спортпен айналысуы үшін мыңға жуық спорт нысаны бар. Ал, 34 спорттық ұйымда кәсіби спортшылар жаттығады. Бұл мекемелерде спорттың 71 түрі бойынша 925 жаттықтырушы жұмыс істейді. Айта кетейік, оның 9-ы ұлттық спорт түріне жатады. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы 9 айда атқарған жұмысының есебінде жарияланды. Басқарма басшысының айтуынша, қала спортшылары биыл Қазақстан чемпионаттарында мың жарымдай медаль жеңіп алған. Оның 491-і бас жүлде, алтын медаль. Сондай-ақ әлемдек деңгейдегі жарыстарда, яғни Азия, Әлем чемпионаттарында да шымкенттік спортшылар топ жарып жүр.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы сонымен бірге 24-і сурдлимпиада ойындарында екі спортшы үздік нәтиже көрсеткенін айтты. 1-15 мамыр аралығында Бразилияда өткен додада шымкенттік еркін күрес шебері Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орын иеленген.

Сала басшысы биыл қаладағы спорт нысандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына да тоқталды. Биыл бюджет есебінен 3, жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, «Металлург» стадионы реконструкцияланса, Бозарықта жаңа спорт мектебі, Сайрамда спорт мектебіне қосымша ғимарт салынып жатыр. Спорт лайф футбол орталығы мен Тұран спорт нысанының құрылысы толық аяқталды, ал жаңа Ипподром жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Биыл Үстел теннисі орталығының құрылысы да басталады.Сондай-ақ 2022 жылдың 9 айында Шымкент шаһарында 29 Қазақстан чемпионаты және 9 республикалық жарыс өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірінен 13 800-ге жуық спортшы мен жаттықтырушы қатысқан. Ал Tartyl fest, Брусья FEST фестивалдері мен «Shymkent Marathon» бұқаралық-спорттық іс-шарасы жалпы 8 мың адамды қамтыды. Жалпы биыл Ұлттық құрама сапына Шымкенттен ересектер бойынша 416, жастар құрамасына 268, жасөспірімдер құрамасына 201 спортшы енген.

Previous Post

Шымкентте таеквондадан халықаралық турнир өтуде

Next Post

Реформалар билік тармақтарының тиімділігін арттырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі