13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте таеквондадан халықаралық турнир өтуде

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте таеквондадан халықаралық турнир өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика кешенінде таеквондадан Рашид Жұмановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Сайысқа елімізбен қатар көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанның дара спортшылары қатысуда. Жарысты Шымкент қаласы спорт басқармасы мен Таеквондадан Қазақстан Республикалық федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.

Шымкент қаласындағы олимпиадалық деңгейдегі спорт түрінен ашық кубокты сарапқа салу барысында,ересектермен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында да жеңімпаздар анықталады.Жарысқа үш мемлекеттің және еліміздің барлық өңірінен мыңға жуық спортшылар қатысуда. Халықаралық турнирдің ашылу рәсімі кезінде Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов құттықтау сөз сөйлеп осы жарыс аясында қаламыздағы құрама спортшыларының шеберлігін шыңдау басты мақсат екендігін айтты.

Бұл жарыстың басты мақсаты олимпиада ойындарынан кейінгі Ұлттық құрама мүшелерін іріктеу болып табылады.Сайысқа кәсіпкер Рашид Жұмановтың отбасы мүшелері қатысып жарысты ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Турнирді өткізуші Шымкент қалалық таеквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жуманов жеңімпаздардың барлығына арнайы жүлделер табыс етілетінін айтты.
Бүгінгі іріктеу сайыстарында көршілес мемлеттердің атлеттерімен, Бектұр Өтебаев пен бас бапкер Давран Ризаевтың шәкірттері, Шымкент қаласының таеквондошылары сәтті өнер көрсетті. Ал, ертең ақтық бәсекедегі жекпе-жектер өтеді.

Еске салсақ биыл Шымкентте жасөспірімдер арасында таэквондо спортынан халықаралық турнир өткен еді. Жарысқа көршілес Өзбекстан және Қырғызстан республикаларынан келген 500-ден астам спортшы қатысқан болатын. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған турнирге Шымкент қаласы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Түркістан аумақтық таэквондо федерациясы және “Сергали-Туркестан” аймақтық қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері атсалысқан еді. Спортшылардың жас және салмақ ерекшеліктеріне сәйкес тарысты турнир екі кезеңге созылған. Сайыста ер жігіттермен бірге нәзік жандылар да өзара сайысқа түсіп, бақ сынаған. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар табысталған болатын. Айта кетейік аталған турнир Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларының таэквондо федерацияларының қолдауымен өткізілген.

Үшіншң мегаполисте республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық додалар жалғасын табтын болады.

Previous Post

Шымкентте «Дала әуені» шығармашылық кеші өтті

Next Post

Шымкенттіктер спортпен белсенді түрде айналысуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі