13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында заманауи спорт алаңшасы ашылды

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында заманауи спорт алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Осы бағытта Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде заманауи спорт алаңшасы бой көтерді. Аталған спорт алаңшасына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысты.

– Бұл – мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді аудан басшысы.

Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан сайысып, қосымша спорт түрлерімен де айналысатын болады.

Қосымша ақпар. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2021 жылы облыс аумағында 1536 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 173 539 адам қатысты, оның ішінде ауылды жерлерде 1161 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 133 441 адам қамтылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 718 004 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 34,59 %. Облыс көлемінде 59 (30 олимпиадалық, 29 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. 2021 жылы облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 366–алтын, 237–күміс, 305-қола медаль жеңіп алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты

Next Post

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі