13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Жолбасшы елді мекенінің тұрғыны Ырысдәулет Тәңірбергенов 10 адамның жұмысын атқаруға қауқарлы қолмен тұқым егу құрылғысын ойлап тапты. Диқандардың уақыты мен шығынын үнемдейтін құрылғыны осыдан 5 жыл бұрын жасап шығып, қажетке жарата бастаған. Жобасы нәтиже көрсеткен соң жан-жақтан сұраныс түсе бастапты.

– Бұл құрылғы негізінен қырыққабат ұрығын жылыжайға егуге арналған. Ауданымыздың көпшілігі ерте көктемнен қырыққабат егуді әдетке айналдырған. Бұл жұмыстарға сұраныс қараша, желтоқсан айларында көбейеді. Құрылғымыз өте ыңғайлы. Бір дәннен артық жібермейді. Құрылғымыздың 4 түрі бар, ауқымына қарай тапсырыс қабылдай береміз, –дейді Ырысдәулет Тәңірбергенов.

Бүгінгі таңда егін шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жұмысын жеңілдетуге арналған құрылғыға Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан сұраныс түскен.

Айта кетсек, осыған дейін облыс әкімі Келес ауданының тұрғындарымен кездескен еді. Ауыл шаруашылығы саласын Келес ауданының брендіне айналдыруға болады деген өңір басшысы, мұнда егін, мал шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар екендігін тілге тиек етті. Сондай-аұ ол ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты жобаларды толық қолдайтынын жеткізген болатын. Мал шаруашылығымен айналысатын 25 шаруа қожалығы мен кәсіпорындардың тізімі бекітіліп, Өзбекстанға ет экспорттауға рұқсат алынды. Келестік шаруаларды да осы тізімге қосып, ет экспортын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Спорт кешенін, Оқушылар сарайын, кітапхана салу мәселесін де қарастырамыз. Бұл аймақтың мәселелерін жақсы білемін. Жалпы өңір тұрғындарының 80 пайызға жуығы ауыл-аймақтарда тұрады. Сондықтан енді аудандарға, ауылдарға қолдау күшейтіледі, — деген еді өңір басшысы кездесу барысында.

Previous Post

"Түркілер төрі Түркістаннан - Ұлт Ұлысы Ұлытауға" экспедициясы жолға шықты

Next Post

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында заманауи спорт алаңшасы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі