13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Түркілер төрі Түркістаннан — Ұлт Ұлысы Ұлытауға» экспедициясы жолға шықты

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Түркілер төрі Түркістаннан — Ұлт Ұлысы Ұлытауға» экспедициясы жолға шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, – деді шаһар басшысы.

Ұлт ұясы Ұлытау – қашан­нан қазаққа қайырлы қоныс болған киелі мекен. Оның төрінде елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы бар. Көне тарихқа көз жүгіртсек те қазақтың ең тағдыршешті ұлы оқиғалары осынау қастерлі байтақтан бас­тау алады. Көшпелі түркі халықтары үшін теңдессіз тұлға – Шыңғыс қағанның ұлы Жошы ханның да осы кең сахарада мәңгілік барақат табуы бекер болмаса керек. Қай жағынан алып қарасақ та Ұлытау төрі – өз құдіретімен мыңдаған жылдың бай шежіресін бауырына бүгіп жатқан темірқазық топырақ. Есте болса, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауға арнайы келіп, ежелгі Алтын Орданың қайнары саналатын, Ұлық ұлыстың тұғырлы төрі есептелетін іргелі жұртқа ай­рықша мән беріп келеді. Сондай-ақ, Ұлы­таудың етегінде елдіктің еңсе­сін тіктейтін, ұлттың маңызды мәсе­ле­лерін көтеретін, жарқын бола­шаққа жаңа жол салатын Ұлттық құ­рыл­тай шақырып, аузы дуалы, айта­ры бар азаматтардың басын қосқан болатын.

Тарихта белгілі ұлы құрыл­тай­лардың көне жосығымен шақы­рылған маңызды кеңесті тәуелсіз қазақ елінің жаңа дәуір жолайрығы десе де болғандай. Мәні терең іс-шараға шақырту алған ұлтжанды азаматтар, белгілі тұлғалар тізіміне қарап, келелі басқосуды кезекті бір алқа деуге келмейді. Тұтастықты ту етуге жиылған Құрылтай Жаңа Қазақстанның ертеңгі болашағына баспалдақ бастамадай ұлы рухты оятқан-ды.
Ал бүгінде бұл өңірге Түркістан облыстық зиялы қауым өкілдері аттанып отыр. «Түркілер төрі Түркістаннан – ұлт ұлысы Ұлытауға» тарихи танымдық сапарының мақсаты – егемендіктің шежіресі мен тәуелсіздіктің шынайы тарихын дәріптеу. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара аясында еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 50 азамат Ұлытауға жол тартты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі ауылға көгілдір отын берілді

Next Post

ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі