13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі ауылға көгілдір отын берілді

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі ауылға көгілдір отын берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында қос қуаныш. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты 600-ден астам тұрғыны бар Теспе және 1000-нан астам тұрғыны бар Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді. Қос ауылдың көптен күткен қуанышына ортақтасуға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Теспе ауылына газ тарту жұмысын «Texprom» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға қаралған қаржының көлемі – 150 млн 726 мың теңгені құрайды. Ал мұндағы абонент саны болса 104. Сондай-ақ, газ құбырының жалпы ұзындығы – 13,7 шақырымға жетеді. Ал Ықыластемір ауылына газ тарту жұмысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға 54 млн. 887 млн. теңге қаралған. Абонент саны – 169. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 6,9 шақырымды құрап отыр.
Айта өтсек, бүгінде Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 9 елді мекен тұрғындар көгілдір отын шарапатын көруде. 2022 жылдың қорытындысымен 24 574 жеке тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, көрсеткіш 19,6%-ға жетеді деген жоспар бар.

Жалпы, биыл Ордабасы ауданы бойынша 24 елді мекенде 28 газ нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлығының жұмысы 2023 жылға өтпелі болып отыр. Келесі жылы 24 елді мекенде газ нысандары іске қосылған жағдайда барлығы 69 952 тұрғын (57,3%) табиғи газға қол жеткізеді деген жоспар бар.

Еске салсақ осыған дейін аудандағы 80-ге жуық үй, 500-дей халық тұратын Боралдай елді мекеніне көгілдір отын беріліп еді. Сонымен қатар 400-ден астам халық тұратын Қызылсеңгір ауылындағы ел де газ келгеніне қуанған болатын. Мамандардың айтуынша, бұған дейін аудандағы 57 елді мекеннің тек төртеуі ғана табиғи газбен қамтылған. Яғни аудандағы 124 мың халықтың тек 17 пайызы ғана көгілдір отынның қызығын көрген.

Previous Post

Түркістан: Биыл 88 мыңнан астам адамды үш бағытта жұмыспен қамту шаралары жүзеге асуда

Next Post

"Түркілер төрі Түркістаннан - Ұлт Ұлысы Ұлытауға" экспедициясы жолға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі