13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді

10 октября, 2022
in Uncategorized
0
Түркістан музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан музыкалық драма театрында ІІ маусымның шымылдығы түріліп, «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы сахналанды. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты. Қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А Көпбасарова.

Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде бас кейіпкер көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жері – Сырдарияға оралады.

Екі күн қатарынан өткен маусымашарға келушілер қарасы көп болды. Ашылғанына небәрі жыл толса да, жас театр бұған дейін «Бөрте», «Фариза», «Махаббат мұнарасы» сынды қойылымдарды сахналап, көпшілікке ұсынған болатын. Осылайша өз көрерменін қалыптастырып, Түркістанның мәдени-рухани дамуына, туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүр.

Қорқыт ата – түркі халық­тары­ның ортақ рухани абызы, ой­шыл, жырау, қобызшы. Қор­қыт ата өмірде ізі, артында әде­­би-музыкалық мұрасы қал­ған тарихи тұлға. Қазақ фи­ло­со­­­фиясы тарихында Қорқыт ата – ел бірлігін нығайтқан ке­­­меңгер қайраткер, түркі дү­ние­танымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде бел­гілі. Әрі күйшілік, жыршылық өнерлерінің рухани атасы.

«Қорқыт туралы аңыз» атты плас­тикалық спектакльде жер дү­ниені алай-дүлей дауыл­да­тып, жауындатып, жай ойна­тып, адамдарды үрейге орап дү­ниеге келген Қорқыт алып қа­рағаштан ойып қобыз жасай­ды. Әлемді қобыз үнімен әлди­ле­ген бабамыз көрген түсінен шо­шып, өлімнен қашады. Жер­ұйық мекенді іздейді. «Қайда бар­са да, Қорқыттың көріне» ке­зігіп, ақыры туған жеріне – дү­ниенің кіндігі саналатын Сырдарияға оралады. Ұлы өне­рін өлімге, жалпы, тіршілік дағ­дарыстарына қарсы қойып, ізгілік пен жасампаздық нұрын шашқан Қорқыт пен жер бетін үйле­сімсіздік пен араздықтың алаңы­на айналдыруға тырыс­қан пері қызы Мартудың ара­сын­­дағы мәңгілік айқас зама­науи хореография тілімен әсер­лі бейнеленеді. Рухани та­мыр­лары­мыздың алтын өзектері қан­дай? Замана ағымындағы шы­найы өнер миссиясының сыры неде болмақ? Спектакль осын­дай мағыналы сұрақтарға жауап іздеп, көрерменге ой салады.

«Қорқыт туралы аңыз» плас­тикалық спектаклін қоюға көп­теген тәжірибелі мамандар ат­салысты.
Еске сала кетейік, 22-23 қазан күндері аталмыш театрда премьера өтеді. Тұңғыш рет қазақ сахнасында «Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» қойылымы сахналанбақ. М.Әуезов, У.Шекспир, И. Гёте сынды үш алыптың шығармасы Түркістан театры сахнасында тоғысатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында заманауи спорт алаңшасы ашылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: Созақта майдангерлер мен батыр аналар дәріптелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі