13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бизнес пен Үкімет арасындағы дәнекер

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Бизнес пен Үкімет арасындағы дәнекер
Share on FacebookShare on Twitter

Әділетті Қазақстанда әр азаматтың өтініш-тілегі тыңдалады. Оның ішінде кәсіпкерлер мен қаржы ұйымдары арасындағы байланысқа баса назар аударылады. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Шымкент қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.

Басқосуға Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері Мырзахмет Сынабаев, Рүстем Әшетаев, Азат Әміртай және жергілікті кәсіпкерлер келді. Кездесуде ҚР Президентінің Жолдауы аясындағы кәсіпкерлікке қолдау және дамыту тетіктері сөз болды.

– Қалалық қоғамдық кеңес үкімет пен халықтың арасындағы «алтын көпір» рөлін атқарып жатыр деуге болады. Мысалы, бір жағынан, азаматтардың өтініштерін билік өкілдеріне жеткізу болса, екінші жағынан, құқықтық-нормативтік актілерді, жаңашылдықтарды халық арасында түсіндіру де бар. Мемлекет басшысы Жолдауында экономика, оның ішінде кәсіпкерлікке баса назар аударды. Оның ішінде қоғамдық кеңестің отырыстарында құрылыс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, қалалық сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық тақырыптары жиі көтеріледі. Осы салаларға қатысты ой-пікірлеріңіз, талап-шағымдарыңыз болса, бірге талқылайық. Біз жауапты мамандарға жеткізуге тырысамыз, – деді Мырзахмет Сынабаев.

Жиынға қатысушы кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Іскер азаматтарды, оның ішінде, әсіресе, жеңілдетілген несие алу мен басқа да қаржылық қолдау мәселелері мазалайды. Кейбір кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған өндірісі бола тұра екінші деңгейлі банктен несие алуда кедергіге тап болатындарын жеткізді.

Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер мен сұрақтарды жазып алып, тиісті органдарға жеткізуге уәде берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Достық үйі» ғимаратында жиын өтті. Оған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев, «Оқушылар сарайы» мекемесінің директоры Бақытжан Мұстафаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Previous Post

Мұрат Әйтеновтың төралығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиын өтті

Next Post

Саяси реформалар - халық игілігінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі