13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтеновтың төралығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиын өтті

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтеновтың төралығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жылу маусымына жалпы саны 18 жылу қазандығы түгел дайын және қаламызда көмір қоры жеткілікті. Бұл туралы Мұрат Әйтеновтың төралығымен өткен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиында мәлім болды. Жиында қыс маусымына дайындық жұмыстары барысы баяндалды.

Инфрақұрылымдық жүйелер дайындығы, оның ішінде Игілік, Жиделі, Сайрам тұрғын алаптарында сапалы электр қуатымен қамту мақсатында бірқатар жұмыстары, сонымен қатар «КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан газ қысымымен өлшеу жұмыстары, және де «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары толық орындалғанын басқарма басшысы Боранбай Булатбеков баяндап берді.Сөзінше сала мамандары тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық жұмыстарын тексеру барысында Еңбекші ауданына қарасты «Теріскей» шағын ауданында екі тұрғын үйде; Әл-Фараби ауданына қарасты Ғ.Илеяв көшесінде бір және Түркістан көшесінде де бір тұрғын үйде дайындық жұмыстары мүлдем жүргізілмегендігі анықталғандығын атап өтті.

Жиын соңында қала әкімі, сала басшылары мен мамандарына жедел түрде аталған аудандардағы кемшіліктер бойынша және жекеменшік электр қуатын тарататын кәсіпкерлердің қысқа дайындығын анықтау бойынша комиссиялық топ құруды, тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі түрде баяндап отыруды басқарма басшысына тапсырды.

Айта кетейік, қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған болатын Бүгінде олқылықтар ретке келтірілген. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталған еді. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЕРТЕҢ 18:00-ДЕ АЯҚТАЛАДЫ

Next Post

Бизнес пен Үкімет арасындағы дәнекер

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі