13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саяси реформалар — халық игілігінде

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Саяси реформалар — халық игілігінде
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, саяси реформаларды түсіндіру бойынша Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Байқонысов аудан тұрғындарына жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын жүйелі түрде белгілеп берді. Қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Қала және аудандық деңгейде қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Халықтың талап-тілегін басты назарға алып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелелерін шешу міндеті тұр. Қандай мәселе болса да біз тыңдауға дайынбыз, – деді Ербол Рәбілұлы

Ербол Байқонысов ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға шақырды. Аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, «Amanat» партиясының Шымкент қалалық филиалында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған жиын өтті. Партияның Абай аудандық филиалы ұйымдастырған пікірталас «Заң үстемдігі және әділетті қоғам» тақырыбында өтті. Партияның Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев жүргізіп отырған жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, партия белсендісі Икрам Хашимжанов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя» орталығы директорының орынбасары Ерлан Әлжанов, «Болашақ» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Жол-көлік колледжі директорының орынбасары Берік Ешимов, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшесі, партия белсендісі Жақсылық Ембай және мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Previous Post

Бизнес пен Үкімет арасындағы дәнекер

Next Post

Под председательством акима города состоялось совещание по подготовке к отопительному сезону

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі