13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Kentau kids marathon 2022» республикалық балалар марафоны мәресіне жетті

9 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауда «Kentau kids marathon 2022» республикалық балалар марафоны мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Балалар жылы және Кентау шаһарының қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған жарысқа елімізге танымал спортшылар келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылығын түсіндірді.
Іс-шараға екі мыңға жуық жас спортшы қатысты. 8 — 10 жас аралығындағы балалар 500 метрге, 11 -13 жастағылар 1000 метрге, 14 — 16 жастағы жасөспірімдер 2000 метрге жүгірді.
Марафонға қатысқан егіздер Зарина мен Карина да арнайы медалға ие болды. 8-сынып оқитын олар бүгінге дейін біршама облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпазы атанған.«Марафонның болатынын естіген бойда дайындықты бастадық. Үйде де спортпен шұғылданамыз. Үйірмеге қатысамыз. Спорт біздің айнымас серігіміз», — дейді Зарина Мамирханова.
Марафон қорытындысында үздіктер арнайы марапаттарға ие болды. Солардың ішінде 9 жастағы Айзере Меңгелбекова да бар. Шымкент қаласынан арнайы келген Айзере бірінші орынды жеңіп алды. Ендігі жерде Түркістан қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысып, бақ сынайтын болады.
Ал 7 жасар Нұрислам Қалыбай марафон қатысушыларының санатына жатпаса да, қызығушылықпен қатысты. Ол қарсыластарынан қалып қойғанымен, жігерлік танытып, 500 метрді мәреге дейін жүгіріп келді. «Жүлдеге ілінбегенмен, жарысқа қатысқаныма қуаныштымын. Алда тағы жарыстарға қатысып қалай да жүлде аламын», — дейді ол.
Марафон соңында қала әкімі Жандос Тасов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Айтмахаметәлі Бердашев жеңімпаздарды құттықтап, медальдар табыс етті. Ал жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге халықаралық жарыстарға жолдама берілді.
Халықаралық деңгейде өткен марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен артықшылықтарын таныстырды. Жарысқа қатысушылармен қатар қолдаушы қонақтар да келуіне байланысты Кентаудың туристерді қабылдау әлеуеті көрсетілді. Кентау қаласында халықаралық деңгейде өткен алғашқы спорттық іс-шарасы жергілікті кәсіпкерлерге де қолайлы болып отыр. Айта өтейік, халықаралық деңгейдегі іс-шара қала күні мерекесіне арналған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Previous Post

Кенді қала Кентауға 67 жыл

Next Post

В Кентау завершился республиканский детский марафон» Kentau kids marathon 2022"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі