13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кенді қала Кентауға 67 жыл

9 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кенді қала Кентауға 67 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының тұрғындары «Қала күнін» жоғары деңгейде атап өтті. Биыл Кентау қаласына 67 жыл. Ынтымақ алаңында өткен дүбірлі мерекеге жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Мерекелік шарада елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар «Кентау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі мен қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы жылдары Кентау қаласында жол құрылысы қарқын алып көшені 70 пайыз жолы асфальтанған. Қалада 232 көпқабатты тұрғын үй құрылыстан өтіп, он көпқабатты үй тұрғындарға берілген. Ағымдағы жылы қалаға газ қосылып, этап бойынша үйлерге қосу жұмыстары атқарылуда. Қала көшелерін толықтай жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.

Қала күнінде жұлдызды әншілердің әні мен мың бұралған бишілердің биін тұрғындар қошеметпен тамашалады. Мерекелік шара соңы қала әкімінің от шашуымен жалғасты.

Айта кетсек, Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау» және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.

Бүгінгі таңда қаланың инфрақұрылымдық жүйелері жаңартылып, абаттандыру, көріктендіру жұмыстары айтарлықтай атқарылуда. 2014 жылдан бері «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша елеулі істер жасалды. «Кентау қаласындағы «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы» басталып, осы уақытқа дейін жалғасын табуда.

Previous Post

Шәуілдірде ауыл әкімінің сайлауы өтуде

Next Post

Кентауда «Kentau kids marathon 2022» республикалық балалар марафоны мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі