13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шәуілдірде ауыл әкімінің сайлауы өтуде

9 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шәуілдірде ауыл әкімінің сайлауы өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлау науқаны өтуде. Таңнан бастау алған сайлауға ауыл тұрғындары белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасап, ауылдың болашағына бей-жай қарамайтындықтарын танытуда.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан шәуілдірліктер мерекелік көңіл-күймен сайлауда өздері сенім артатын үміткеріне дауыс берсе, алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар таратылды.
Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасағандардың бірі – Тасболат Шынболат. «Ауылдың көркеюіне, дамуына еңбек ететін әкімді таңдауға мүмкіндік берген ел Президентіне алғыс білдіремін. Бүгін менде өз ауылымның әкімін таңдауда дауыс бердім» дейді.

Сондай-ақ, ауыл қариясы Аманжол Амиров сайлауға алғашқылардың бірі болып келіп, жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

Жалпы, Шәуілдір ауыл округінің әкімін сайлау үшін 3 сайлау учаскесі, атап айтқанда №520 сайлау учаскесі (аудандық мәдениет сарайы), №521 сайлау учаскесі (Жамбыл мектеп-лицейі), №522 сайлау учаскесі (Д.Құрманбеков атындағы №20 колледжі) жұмыс жасауда.

Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу сайлау күнінен 10 күн бұрын аяқталған. Осы кезеңде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеріп берген. Сайлау күнінің алдындағы соңғы онкүндікте үгіт-насихат іс-шаралары, тіркелген кандидаттар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар және сайлауға дайындық жүзеге асырылаған болатын. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.Сондай-ақ «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Previous Post

Каратэден ересектер арасындағы республикалық чемпионат басталды

Next Post

Кенді қала Кентауға 67 жыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі