13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан 162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде.
Сондай ақ 2023 жылдан бастап жалпы «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап болған. Мәселен, көпбалалы отбасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмаған. Сондай-ақ, бұдан былай «Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларды несиенің максималды сомасымен шектемейді. Осыған дейін аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін ғана болатын. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделеді. Яғни, ол тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады. Қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес Шымкентте таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін белгіленген сомма 220 мың теңгені құрайды. Жылжымайтын мүлікті қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алуы шарт. «Тағы бір маңызды ақпарат, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер арқылы салынған әлеуметтік несиелік тұрғын үйлерді ғана сатып алуға болады. Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде 14 700 қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады.

Ал биыл елімізде 5 000-ға жуық отбасына несие беріледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінген. Ал жаңадан қосылған санаттар бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.
Айта кету керек, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына жалпы саны 432 лимит бөлінген болатын. 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы несиелік баспанамен қамтылған.

Previous Post

ҰОС ардагерлері медициналық тексеруден өтті

Next Post

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жол құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі