13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жол құрылысы қарқын алды

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Әл-Фараби ауданында жол құрылысы қарқын алды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласының орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында жол құрлысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 16,9 шақырымды құрайтын 30 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 12,9 шақырымдық 33 көшеге шағал тас төселуде. Қазіргі таңда жұмыстың 80%-ға жуығы орындалды.
Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізген шаһар басшысы Мұрат Әйтенов бұдан да басқа атқарылған істерге тоқталып өтті.
Ауданда жалпы саны 404 көше бар. Биылға 30 көшені пайдалануға беруді жоспарлағанбыз. 2023-2024 жылдар аралығында 19,6 шақырымды құрайтын 48 көше асфальтталатын болады”,-деді қала басшысы. Сондай-ақ, аудан бойынша жол саласының күрделі және орташа жөндеу жұмыстары алдағы 2 жылда 100% аяқталатынын жеткізді.
Айтып өтейік, Әл-Фараби ауданында былтыр 362 шақырымды құрайтын 5 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 13 көшеге шағал тас төселді. Халыққа құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында қала және аудан әкімдері халықпен жиі кездесіп, туындаған мәселелерді анықтайды. Осылайша тиісті жоспарға сәйкес, оны шешу жолдарын қарастырады. Проблеманың шешілуіне халықтың өзі де ат салыса алады. Яғни арнайы қоғамдық комиссияға сол тұрғын алаб билері, белсенді азаматтары мүшеліка етіп, мәселенің шешілу ретін бақылайды. Осылайша ол туралы шаһар басшысына баяндайды. Айта кетсек, қала әкімі әр апта сайын тұрғындарды біріңғай қабылдау шарасын өткізеді.
Жалпы, қазіргі таңда жергілікті билік өкілдері Мемлеет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жайлы жағдай жасау бойынша берген тапсырмасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр. Әрі «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасына сай қала басшысы әр тоқсан сайын аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр. Кездесуде көтерілген мәселелер сараланып, шешімін табуда. Мәселен, мегаполис әкімінің халықпен кездесуінде жалпы саны 1020 проблема көтерілген. Бүгінде оның 488-і шешімін тапса, 337-і орындалып жатыр. Ал 195 мәселе 2023,2024 жылдардың жоспарына енгізілген.

Previous Post

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Next Post

Шаһар басшысы тұрғындардың мәселесін кезеңімен шешуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі