13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰОС ардагерлері медициналық тексеруден өтті

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҰОС ардагерлері медициналық тексеруден өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік ақ халаттылар қарт кісілерге құрмет көрсетті. Білікті мамандардан құралған дәрігерлер тобы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйін аралап профилактикалық тексеруден өткізді. Дәрігерлер егде жастағыларға медициналық кеңес беріп қана қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді.
Медицина мамандары алдымен 97 жастағы Абылай қарияның шаңырағына бас сұқты. Ардагер келген ақ халаттыларды қуана қарсы алып, басынан өткен қызықты жайттарды айтып, әңгіме дүкен құрды. Осы уақытта медицина мамандары ардагерді тексеріп, қажетті көмек көрсетті. Өз кезегінде арда азамат ақ халаттыларға ақ батасын берді.

Соғыс ардагерінің үйінде болған дәрігерлер құрамында терапевт, хирург, кардиолог, невропатолог, психолог, әлеуметтік көмек көрсететін мамандар бар. Дәрігерлер ЭКГ, қан сараптамасын алып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер арадгерге нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады.

Учаскелік дәрігерлер ғана емес, қажет болған жағдайда мамандар әр ардагердің үйіне бара алады. Сондай-ақ ардагерлер тиісті медициналық ұйымдарға жеткізіледіМедицина мамандарынан өзге психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Медицина мамандарының міндеті – барлық әлеуметтік органдар мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, біздің ардагерлеріміздің барлық мұқтаждықтарына, тек медициналық ғана емес, кешенді назар аудару,-дейді шара ұйымдастырушылары.

Мамандар сондай-ақ, ардагерлердің денсаулығын сақтау бір реттік ғана акция емес екенін атап өтті. Мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Өкінішке орай жылдан жылға соғысты көзімен көрген майдангерлер қатары сиреп барады. Бүгінде Ұлы жеңіске арналған шаралардың жүйелі сипатқа ие болып, мәнді өткізілгені маңызды. Ақхалаттылар бірде-бір ардагердің қамқорлықсыз, назарсыз қалмағанын қалайтынын жеткізді.

Айта өтейік, Шымкент қаласында 4 ҰОС ардагері диспансерлік есепте тұрады. Егде жастағы азаматтар жоспар бойынша жылына екі рет медициналық тексеруден өтеді. Одан бөлек, денсаулық жағдайына байланысты шипажайға тегін жолдама арқылы сауықтырудан өтіп тұрады. Сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді медицина мамандары үйіне жеткізіп береді.

Previous Post

Шымкентте көркем гинастикадан ел чемпионаты жалауы көтерілді

Next Post

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі