13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте көркем гинастикадан ел чемпионаты жалауы көтерілді

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте көркем гинастикадан ел чемпионаты жалауы көтерілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы көркем гимнастика кешенінде, ересектер және жастар арасында ел чемпионатының жалауы көтерілді. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 400-ге тарта спортшы қатысуда.
Көркем гимнастикадан ұлттық құрама спортшыларының негізі Шымқаладан екені белгілі. Өйткені мұнда әлемдік деңгейдегі спорт кешені бар. Кезінде Қазақстанның атын әлемдік ареналарға шығарып, туымызды желбіреткен Әлия — көркем гимнастикадан ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы. Бүгінде ол соңынан ерген сіңлілерінің аяқ алысын байқап, оларды спорттың осы түріне баулып жүр. Атақты жерлесі Әлия Юсуповаға еліктеген шымкенттік жасөспірімдердің арманына қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар. Еліміздің көркем гимнастикасын әлемге танытқан Әлиядан тәлім алуға ниет білдірушілердің саны күн санап өсіп келеді. Көркем гимнастика мектебінде лайықты мамандар шоғырланған. Ел чемпионатының ашылу рәсімін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов құттықтау сөзімен ашып, өңір спортшыларының әлемдік додаларда дес бермей келе жатқандығын айтты. Ал қала спортының басшысы Бауыржан Тұманбаев басты мақсат олимпиада ойындарының медалі екендігін атап өтті. Ел чемпионатына қадірлі қонақ ретінде қатысушы өнер қайраткері, опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы жерлестерімізге жеңіс тіледі.Көп жылдар шет елде қызмет жасап келген өнер иесі Алия Юсупованы шеберлігіне қайран болғанын айтты.
Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын шаршамай-талмай еңбектенуді қажет етеді. Əр жаттықтырушы әр баладан чемпион көргісі келеді. Қазір олар тепе-теңдікті сақтау, иілу, қиын да күрделі элементтерді үйренуде . Болашақ чемпиондар алдарына мақсат қойып, шеберлігін шыңдай беретіні сөзсіз», — дейді жаттықтырушылар. Спортшыларды патриоттыққа баулып, оларды жігерлендіріп отыратын бірден-бір маман – ол бапкер.
Жарыс барысында даңқты гимнастшы Әлия Юсупова басқаратын Шымкент қалалық көркем гимнастика мектебінің шеберлері жоғары ұпайға ие болды. Құрама сапында Милана Парфилова, Баян Қойбағар топ басында келеді. Алаң иелерімен қатар Астана, Павлодар қаласының гимнасшылары бас жүлдеден үміткер екенін дәлелдеді. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Previous Post

Шымкент: Әл-Фараби ауданында 150-ге жуық көше жарықтандырылып жатыр

Next Post

ҰОС ардагерлері медициналық тексеруден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі