13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек»

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек»
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараны «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды.

Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді.

Сәкен Аралбайұлы ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойымен бөлісті.

– Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуге барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өне бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді С.Мәжінбеков.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Жоспар 10 негізгі бағыт бойынша 36 тармақтан тұрады.Жалпыұлттық жоспардың бірінші кезектегі іс-шараларының қатарында «Президенттің өкілеттіктері туралы», «Өкілді билік тармағын қайта құру», «Сайлау жүйесін жетілдіру», «Құқық қорғау институттарын күшейту», «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам рөлін нығайту», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру», «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру» және басқа да тармақтар қарастырылған.Жалпыұлттық жоспардың оныншы бағыты аясында қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, инфляцияны бақылауға және төмендетуге, көлік-логистикалық тізбектердегі алшақтықты қысқартуға, сыртқы сауда қызметін қолдауға және ынталандыруға, экономика салаларын қолдауға және инвестициялар тартуға бағытталған Дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленетін болады.

Ел бірлігі – ең басты құндылық. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлт болып ұйысудың өзектілігі арта түсті. Сайрам тұрғын алабының төбе билері, тұрғындары Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе ұйымшылдық танытуға шақырды.

Previous Post

Ардагерлерді әлеуметтік қолдау артады

Next Post

Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары іске асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі