13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ардагерлерді әлеуметтік қолдау артады

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ардагерлерді әлеуметтік қолдау артады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ардегерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Күн тәртібінде ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселесі қаралды. Алқалы басқосуға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, пленум мүшелері және ардагерлер қатысты.

Зейнеткерлердің әлеуметтік қолдау мен сауықтырылуы жайында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова баяндап берді.
–Шымкент қаласында қазір 85 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 4-і ҰОС ардагері, тыл еңбеккері – 2 364, көпбалалы ана – 54 569, оның үшінде «алтын алқа» және «күміс алқа» алғандар — 11 389. Осы азаматтарды мереке күндері бір реттік және ай сайынғы төлемдерге жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Қала мәслихатының шешіміне сәйкес, шипажайларға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған 874 ардагерге 12 күн, зейнет жасындағы 4 445 зейнеткерге 6 күндік жолдама берілген. Қыркүйек айының өзінде 2 700 зейнеткер сауықтыру шипажайына жолданды. Одан бөлек, қаламызда 3 «Белсенді өмір сүру» орталығында 715 ардагер жартылай стационарда әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуда. Орталықта 2019 жылы 15 түрлі қызмет көрсетілсе, 2021 жылдан бастап қызмет түрі 27-ге көбейді. Биылдың өзінде арнаулы орталық 14 мыңға жуық ардагерге емдік-сауықтыру қызметін ұсынған. Тағы 221 зейнеткер өз кезегін күтуде, — деді ол.

Қалалық ардагерлер кеңесі әлеуметтік қорғау басқармасына шипажайда сауығу мерзімін барлығына бірдей 12 күнге ұзарту ұсынысы түскен екен. Б.Нарбекованың айтуынша, ардагерлердің ұсынысы қала мәслихатына жолданыпты.

Зейнеткерлердің қоғамдық көлікте ақысыз жүру мәселесі туралы қала әкімінің орынбасары Мақсут Исахов егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

–Шымкент қаласының бюджеті 583 млрд. теңге. Оның 81 пайызы білім, денсаулық және әлеуметтік қамтуға жұмсалса, қалған 19 пайызы қаланың даму инфрақұрылымына бағытталған. Ардагерлерді сауықтыру мақсатына 619 млн.теңге қаржы бөлінген. Сіздер ұсынып отырған 12 күндік жолдаманың қаржысын есептегенде 1,3 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл қаржыны қала бюджетіне енгізу үшін қала мәслихатына ұсыныс береміз. Ал, қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесіне келер болсақ, қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын мемлекеттік автопарктың жоқтығы осындай мәселені туындатып отыр. Қазір қолданыстағы компаниялармен келісім жүргізіп жатырмыз. Зейнеткерлерді қоғамдық көлікте ақысыз жүруге жағдай жасауға мүмкіндік жасау үшін көлік компаниялары жол ақысын өсіруді ұсынып жатыр, — деді әкім орынбасары.

оғамдық көліктің жол ақысы соңғы рет 2016 жылы 50 теңгеден 70 теңгеге өскен болатын. Биыл жол ақысы тағы көтерілсе, тегін тасымалданатын санатқа жасы 70-тен асқан зейнеткерлер де қосылуы ықтимал.
Жиын соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев ұсыныстарды жазбаша түрінде де жеткізуге болатынын айтып, барша ардагерді алдағы келе жатқан саяси науқан Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.

Previous Post

Жастар қоғамның қозғаушы күші

Next Post

«Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі