13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық ойындар сайысы өз мәресіне жетті

8 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ұлттық ойындар сайысы өз мәресіне жетті
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Қайрат» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастары арасында қазақ халқының ұлттық ойындарынан өткен сайыс өз мәресіне жетті.

Ұлттық ойындар сайысын өткізудегі мақсат — жастар арасында рухани мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, этнос жастарының ұлттық ортаға бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру.
Іс-шараны қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Ерлан Керимбеков пен «Қоғамдық келісім» КММ нің басшысы Элмира Ұласбекқызы жүлдегерлерді марапаттап, 1, 2, 3 орындарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдарды табыстады.

Сайыс нәтижесінде қазақша күрестен Түйе палуан атағын Нуров Абдулла (Жетісай ауданы) жеңіп алды. Ләңгі тебуден 1 орын Мурадулла Ильяс (Сауран ауданы), 2- орын Алисултанов Алижан (Мақтарал ауданы), 3- орын Бекниязов Суннат (Сайрам ауданы) еншіледі.

Садақ тарту сайысы бойынша 1 орын Насируллаев Дилнур (Кентау қаласы), 2 орын Оразбай Абрар (Келес ауданы), 3 орын Камалов Алпамыс (Мақтарал ауданы) алды. Қол күрестен 1 орын Касимов Тойрат (Түлкібас ауданы), 2 орын Нишантаев Улугбек (Сайрам ауданы), 3 орын Юнусов Зикуроллох (Сауран ауданы) алды.
Асық атудан 1 орын Абдрахманов Самандар (Сауран ауданы),2 орын Юлдашев Бекзод (Кентау қаласы), 3 орын Ислам Эльнур (Түлкібас ауданы) алды. Қошқар көтеруден ең жоғарғы көрсеткіш 50 рет көтеріп Сайдазимов Мухамедали (Сайрам ауданы) қошқарға ие болды. 2 орын 36 рет көтерген Юнускулов Ақылбек (Келес ауданы), 3 орын 31 рет көтерген Мургушев Сулейман (Түлкібас ауданына) бұйырды.
Арқан тартудан 1 орын Түлкібас ауданы, 2 орын Төле би ауданы,3 орын Кентау қаласының командалары алды.Тоғызқұмалақтан 1орын Ирситаева Сарвиназ (Сайрам ауданы), 2 орын Бадиров Рамазан (Кентау қаласы), 3 орын Төрехан Махибулла (Сауран ауданы) алды.

Жүлдегерлердің барлығына ақшалай сыйлық табысталып, бұл сайыстың алдағы уақытта да жалғасын тауып отыратындығы айтылды.

Previous Post

Ордабасы: Бадамдықтардың көтерген мәселелері шешімін тауып келеді

Next Post

Жетісай: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру" әлеуметтік жоба шеңберінде кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі