13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы: Бадамдықтардың көтерген мәселелері шешімін тауып келеді

8 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасы: Бадамдықтардың көтерген мәселелері шешімін тауып келеді
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың халықпен кездесуі бекітілген кестеге сәйкес Бадам ауылдық округінде жалғасты.Аудан басшысы бадамдықтарға жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады және алғашқы кездесуде халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына тоқталды.

Айта кету керек, бадамдықтармен болған алғашқы кездесуде бас-аяғы 26 ұсыныс-пікір білдірілген. Олардың дені коммуналдық салаға тиесілі. Жалпы, 7-еуі орындалған, 4-еуі орындалу үстінде, 15–і ауданның 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген.

— Біз ауылдардың барлығын түгел аралап шығып, арнайы карта әзірледік. Яғни, қай ауылда қандай мәселе бар, сараладық, шығынын есептедік, шешу жолдарын қарастырдық. Нәтижесінде, 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалып, барлық мәселені шешу үшін 152 млрд.тг.астам қаражат керек екені белгілі болды. Соның ішінде Бадам ауылдық округіндегі мәселелерді шешуге 26 млрд.тг. қажет. Әрине бұл аз қаражат емес. Біз әр жылға сол қаражаттарды бөлдік. Жарықтандыру, ауыз су жүйесін жүргізу, газ тарту, жол салу жұмыстары, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Яғни, халық тарапынан көтерілген мәселелер бірер жылда шешімін табатын болады, — деді аудан басшысы.

Жалпы, Бадам ауылдық округі тұрғындары біраз уақыттан бері көмірмен жұмыс істеп, қоршаған ортаға зиянын тиігізіп келген, одан бөлек көрінген жерді қазып, топырақ алып келген бірқатар қыш зауыттарының жұмысына наразылықтарын білдіріп келген. Кездесу барысында бадамдықтар аталған мәселелерге аудан әкімінің бей-жай қарамай, тиісті шаралар қабылданып жатқандығын мақтанышпен айтты. Топырақ алу үшін заңсыз қоршалған жерлер шетінен қайтарылып жатыр және фильтр орнатпаған қыш зауыттарына белгілі бір мерзім белгіленді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан жол салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін үйлестіріп беру, трансформатор орнату, балалар және спорт алаңшаларын орнату, су арналарын тазарту мәселелері көтерілді. Өз кезегінде аудан басшысы барлық сауалдардың назарға алынғандығын, ауданның қаржылық әлеуетіне қарай шешілетін жұмыстарды белгілі бір мерзімде реттейтіндігін жеткізді. Кейбір мәселелер кешенді жоспарға сәйкес жүргізілетіндігін айтты.

Шара соңында аудан әкімі бадамдықтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Previous Post

Бөржар ауылдық округіндегі мәселелер рет-ретімен шешілетін болады

Next Post

Ұлттық ойындар сайысы өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі