13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешіліп келеді

2 октября, 2022
in Uncategorized
0
Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешіліп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте апатты мектептер жоқ! Ал үш ауысымды мектеп мәселесі таяу арада шешімін табады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 32 білім ұясы салынады. Ал оның үшеуі келер жылы пайдалануға беріледі.

2023 жылы Шымкентте «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде 3 білім ошағы пайдалануға беріледі. Және 6 жаңа білім ордасы мен 9 қосымша мектеп ғимараты салынады. Мемлекет тарапынан салынатын білім ұяларының құрылысы 2024 жылы аяқталып, қолданысқа берілмек. Қаланың бас педагогы инвесторлардың да білім саласына қызығушылығының жоғары екенін атап өтті. Мәселен, биыл мегаполисте жекенің есебінен 30 мектеп пайдалануға берілген.

«Салынған әрбір білім беру ұйымдарының, салынған жаңа білім беру ордасы балалар үшін жайлы мектеп болуы туралы тапсырып отыр. Ол үшін арнайы бағдарлама дайындалды. Дәл сол бағдарлама аясында ендігі салынған мектептерде осы Шымкент қаласынан 34 мектеп еніп отыр. Ол мемлекет есебінен салынатын болады. Және оның жайлы мектеп деп аталуының өзі – барлық балаға жайлы жағдай қарастырылған мектептер бұдан ары қарай салынатын болады»,- деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева .

Биыл қалада 5 үш ауысымды білім ошағы бар. Алайда қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асса, келер жылы бұл мәселе толықтай шешіледі. Есте болса, осыдан 3 жыл бұрын бізде 21 үш ауысымды мектеп болса, былтырғы жылы ол 9 болатын, биыл 30 жекеменшік және 4 мемлекеттік салынған мектептің есебінен Шымкент қаласында үш ауысымды мектептің саны бүгінгі таңда 5-ті құрап отыр. Қалған мектептің үлесі жайлы мектеп пен 1000 мектеп бағдарламасының аясында, сондай-ақ, инвесторлар есебінен салынып жатқан білім беру ұйымдарының есебінен шешімі табылатын болады.

Мемлекет басшысы Шымкентке келген іссапарында мегаполиске тағы бір оқушылар сарайын салу керек екенін атап өткен еді. Бүгінгі таңда Нұрсәт шағынауданында 12 мың баланы қамтуға қауқарлы оқушылар сарайы салынып жатыр. Нысан 2023 жылдың басында пайдалануға беріледі. Ал Президент тапсырмасымен қосымша тағы бір сарай салынса, балаларды қамту үлесі 98 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр.
Жалпы биылғы жоқу жылында 871 білім беру ұйымы өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда 1 ауысымдағы 45 мектепте 13 963 оқушы, ал 2 ауысымда 173 мектепте 213 762 оқушы және үш ауысымды 5 мектепте 14 800 оқушы білім алып жатыр.

Previous Post

Шымкенттік студенттер «EcoStudentKZ» челленджін бастады

Next Post

Шымкентте қоқыс шығару жүйесіне өзгеріс енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі