13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қоқыс шығару жүйесіне өзгеріс енгізілді

2 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қоқыс шығару жүйесіне өзгеріс енгізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Енді Шымкентте қоқыс шығару бойынша жұмысқа қанағаттанбаған жағдайда тұрғындар компаниялармен шартты бұзуға құқылы. Көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қала және аудан әкімдіктеріне көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларының аумағынан қоқыс шығарумен айналысатын ұйымның жұмысына қатыстц шағымдар көптеп түсуде.
«Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Белгілі бір коммуналдық компаниямен келісім-шартты тұрғындардың өз қалауы бойынша ғана жасалады. Яғни, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін ұйымды өздері таңдап, тиісті шарт жасасады. Ал жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар мен компания арасындағы қатынастарға араласуға құқығы жоқ. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы», — делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік көшелердің, автобус аялдамаларының, саябақтар мен скверлердің тазалығына, сондай-ақ қоғамдық орындардағы қоқыстарды шығаруға мемлекеттік мекемелер тікелей жауапты болады. Қазіргі уақытта бұл бойынша мәселе орын алып отқан жоқ.
Бүгінде Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді:
1. «ШымкентСпецКомплекс», Тел.: +7 702 753 7337;
2. «Керемет 2020», Тел.: +7 777 094 5576;
3. «Бастау», тел.: 8 701 701 00 50.
Ал Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар:
1. «Арнаулыавтокөлік», тел.: 8-701-505-75-36;
2. «ШымкентСпецКомплекс», тел.: 8 702 255-64-94;
3. «Спецавтотранс», тел.: 8 702 753 73 37.
Еңбекші ауданын бойынша: 1. «Вайсалидзе» ЖК, тел.: 8-701-137-57-03;
2. «ЭКО-ком тазалық», тел.: 8-778-233-97-41;
3. «Арнаулыавтокөлік», тел.: 8-701-505-75-36.
Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар: 1. «ЖанМейр», Тел.: +7 (701) 400-33-11;
2. «Вайсалидзе» ЖК, Тел.: +7 701 137 5703;
3. «Таза қала» ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03;
4. «ПожТехМонтаж», Тел.: +7 778 883-52-77; 5. «Бастау», Тел.: +7 701 701-00-50

Previous Post

Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешіліп келеді

Next Post

Шымкенттік кәсіпкерлердің өнімдері Өзбекстан мен Қырғызстанға шығарылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі