13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік студенттер «EcoStudentKZ» челленджін бастады

2 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік студенттер «EcoStudentKZ» челленджін бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның табиғатқа жанашыр студенттері бүкіл ел аумағында «EcoStudentKZ» челленджін бастап кетті. Олар осылайша қоршаған ортаны қоқыстан тазартып қана қоймай, өзгелерді тазалыққа үгіттейді. Тазалық акциясы алдымен Шымкентте өтті. Жергілікті студент жастар Қошқар ата өзенінің жағасына келіп, шашылып жатқан қоқыстың бәрін тазартты. Сондай-ақ, олар қаладағы саябақтар мен алаңдарды да тазалауға бекініп отыр. Шымкенттік студенттер бейберекет жатқан қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.
Шымкенттік эстафетаны павлодарлық студенттерге тапсырды. Енді Кереку жастары да қаланы қоқыстан тазару акциясын өткізеді. «Қазақстан тұрғындарына айтарымыз – өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!» — дейді Шымкент жастары.
Айта кетсек, бүгінде елде «эко плоггинг» деп аталатын жаңа фитнес-тренд тарап келеді. Ол салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым . Бұл ұғым алғаш рет Швецияда пайда болды. Бұл сөз жүгіру кезінде қоқыс жинау («plog» сөзі швед тілінен «соқа» деп аударылады) дегенді білдіреді. Плоггингпен айналысу үшін не істеу керек?
– Жүгіруге өзіңізбен бірге берік пакет алу;
– Оған жол бойы табылған қоқысты салу;
– «Олжаңызды» суретке түсіріп, басқа да адамдарды осы іске шақыру мақсатында #plogging хэштегімен әлеуметтік желіге салу.
Плоггинг бір оқпен екі қоянды атуға көмектеседі. Қарапайым жүгіру экологиялық акцияға айналып кетеді. Оған қоса, жүгірушінің калория жұмсауы артады. Себебі, ол қоқысты алуға еңкейеді немесе жартылай отырады.
Пайдалы трендті шымкенттік студенттер де жиі қолдануды әдетке айналдырмақшы.Айта кетейік, шаһар аумағында жыл бойы түрлі экологиялық акциялар мен сенбіліктер де өтеді. Маңызды республикалық оқиғаларға орайластырылған ағаш отырғызу науқандары да ұйымдастырылады. Мұндай шараларға Шымкенттік жастар жиі қатысатындарын алға тартады.

Previous Post

Жастар бағдарламасы: Өтінім қабылдау науқаны 6 қазанда басталады

Next Post

Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі шешіліп келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі