13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бақтың барар жері – ынтымақ

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Бақтың барар жері – ынтымақ
Share on FacebookShare on Twitter

Бақтың барар жері – ынтымақ
Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары мен қызметкерлері, Абай ауданы әкімінің орынбасары мен жауапты мамандар, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов жалпыұлттық бірлік тақырыбындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерін халық пен билік арасындағы ықпалдастықты нәтижелі арттыруға шақырды.
– Бүгінде Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттарын саяси тұрғыда бекітіп, жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Осыған байланысты міндеттер ассамблеяға да жүктеліп отыр. Межелі міндеттерді табысты орындау үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана біз халқымыздың береке-бірлігін сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз. Біздің кеңеске артылған маңызды міндеттердің бірі – ішкі бірлікке сызат түсетін жағдайлардың алдын алу, мәселелерді шешуге қатысты ұсынымдар беру. Бірлігімізді бекемдеуге үлес қосып, оған кері ықпал ететін жағдайларды анықтап, оның оң шешілуіне жәрдемдесу,- деді ол.
Белгілі қоғам қайраткері, кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиевтің жетекшілігімен өткен жиында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қаралды.
– Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 49 840 азамат тіркелген. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың біріңғай республикалық электрондық дерекқорының kezekte.kz сервисі қолданылуда. Осы сервис арқылы азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтар бойынша иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу және тұрғын үймен қамтылу себептерімен 2 040 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды. 2022 жылға 1605 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жұмыс істеп жүрген 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй бойынша 211 пәтерге конкурс және тұрғын үй комиссиясы өткізіліп, қазан айында жалдау келісім шарттарын беру жұмыстары жүргізіледі, — деді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшы орынбасарының міндетін атқарушы Жұлдызай Сәрсенбайқызы.
Оның айтуынша бүгінгі күнге дейін 124 өтінім түскен, оның ішінде 45 өтінім мақұлданып, 32,9 млн. тг тұрғын үй сертификаттары берілді.
Сонымен қатар кеңес отырысында Абай ауданы әкімдігінің этносаралық саясатты ілгерілетудегі жұмыс барысы да сараланды.
– Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық даулардың алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттық топ құрылған. Оның құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және басқа да қызметкерлер енгізілген. Биыл медиация туралы заңын тұрғындар арасында насихаттау бойынша Қатынкөпір, Қызылжар, Қазығұрт шағын ауданында үш кездесу өткізіліп, 200 ден астам тұрғындар қамтылды, — деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Көшікбаев.
Ғалымжан Көшікбаевтың айтуынша, биыл 3000-ға жуық осал топқа жататын отбасыларға демеушілер есебінен көмек көрсетілген. Оның ішінде этнос өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық акциялар ұйымдастыруды қолға алды. Аудан бойынша кәсіби емес 8 медиатор тіркелген болса, олардың сотқа дейін 36 дауы шешімін тапты. 6 этносаралық дауға жол берілмей, ауқымды жұмыстар жүргізілген.
Айта кетейік, биыл кеңес тарапынан мекемелерге 18 ұсыным берілді. Аудандық деңгейдегі кеңес мүшелері этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда өткен 31 кездесуге қатысып, берекелі бірліктің мән-маңызын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Previous Post

«ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ОТЫРЫСЫ

Next Post

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасы аясында оқыту тренингі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі