13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасы аясында оқыту тренингі өтті

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «ZHAS PROJECT» жобасы аясында оқыту тренингі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Zhas Project» жобасы аясында оқыту тренингтері өтті. Аталған тренинг Түркістан облысындағы «Zhas Рroject» грант алушыларының әлеуметтік, интеллектуалдық, ерікті және көшбасшылық құзыреттерінің деңгейін арттыруға, жәрдемдесуге бағытталған. Сонымен қатар, «Zhas Project» жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыру жобасы шеңберінде жүзеге асты.

Тренингтер жобалық менеджмент негіздері, көшбасшылық қасиеттер мен шешендік өнер, эмоционалды интеллект тақырыптарында өтті. Бұдан бөлек, кәсіпкерліктің цифрлық мүмкіндіктері, адам ресурстарын басқару процесі, жұмысқа орналастыру мен іс қағаздарын жүргізу тақырыптары талқыға түсті.
Сондай-ақ тренингте ҚР ЕК сәйкес құжаттарды рәсімдеу, стратегиялық ойлау мен мақсат қою, құқықтық және қаржылық сауаттылық жайында айтылды. Өндірістік цикл мен Smm, Pr, Target, клиентке бағдарлану деңгейін анықтау әдістеріне байланысты 12 тақырыпты қамтыды.

Оқыту тренингінде ҚР Президентінің жанындағы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясы, «Turkistan itech» ЖШС, «Capable group» ҚБ, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, Сүлейман Демирел атындағы университетінің және Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тренерлері өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Тілге тиек етсек, Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жобасы аясында 63 грант бөлінген. Бұл бағдарлама жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға бағытталған. Яғни, бұл жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.Аталған жобада 1 млн теңгеге дейін грант беріледі.

Айта кетсек, оқыту тренингтері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының көмегімен «Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз етті.

Previous Post

Бақтың барар жері – ынтымақ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Ғарыш технологиялары бойынша бірегей білім беру хабы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі