13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ОТЫРЫСЫ

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ОТЫРЫСЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 5 қазанда Астана қаласында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  отырысы өтті.

Аталған жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар мәслихаттарының хатшылары қатысты. Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев жүргізіп отырды.

Жиында жуырда елімізде өтетін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президенттігіне «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылатын  кандидатты айқындау, Жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстанның жаңа саяси арнаға түсуінің тарихи сәтінде жүзеге асырылғалы отырған өзгерістерді талқылау және пікір алмасу, ұсыныс білдіру сынды мәселелер қаралды.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Осы орайда, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары — Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев республикалық қоғамдық бірлестіктің атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне              кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынды.                        Ол өз сөзінде: «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса салмақты саясаткер, биік парасаттың иесі, терең білімді дипломат, кемел басшы, тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге белгілі ірі тұлға, саясат сахнасында шыңдалған, Тәуелсіздігімізді нығайтуға орасан зор үлес қосқан мемлекет қайраткері.

Бүгінде Президентіміз аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа Қазақстанның негізін қалап, оның көшін бастап келеді.  Шындығында, Әділетті Қазақстан құру жолында елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, саяси мәдениеттің қалыптаса бастауы баршамызды қуантады.

Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдаймыз және Қазақстанымыздың көшін бастауға лайықты тұлға деп білеміз. Оның қазақстандықтарды сара жолдан адастырмай, биіктерге бастай беретініне бек сенімдімін» — деді.

Өз кезегінде, жиынға қатысушылар Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қызу қолдап, бірауыздан ұсынды.

 

 

 

Previous Post

Президент сайлауы: Ұлттық волонтерлік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Next Post

Бақтың барар жері – ынтымақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі